Өскемен
облачно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +10°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +7°
$
488.45
-3.25
529.19
-2.09
¥
68.59
-0.31
5.04
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсанда қаңғыбас иттер қаптап жүр

Қаңғыбас иттер зайсандықтардың малына шабуыл жасап, тұрғындардың үрейін қашыруда

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсанда қаңғыбас иттер қаптап жүр
Фото:
редакция мұрағатынан

Төртаяқтылардың көшелерде толып жүретінін, күндіз-түні адамдардың иттерді бос жіберетінін айтып, редакцияға арыз-шағымын айтушы тұрғындар соңғы уақытта көптеп келуде. Халық көтерген мәселені біз де назардан тыс қалдырмадық. Мәселен, соңғы жылдары Зайсан ауданында иесіз ит те, иесі бар ит те ауылдарда және қалада адамға, малға, шауып жатыр. Зайсан ауданында мұндай жағдай осыған дейін де бірнеше рет болған.

2020 жылы Айнабұлақ ауылында қаңғыбас иттер бір отар қойды талап, 16 жастағы бақташы балаға шауып, абырой болғанда бала аман қалған еді. Бұзауларды да жарып кеткен жағдай орын алған, - деді аудан тұрғыны Еркебұлан Зағыпаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - Былтыр жазда тапа-тал түсте қаңғыбас иттер Зайсан қаласындағы Заречный мөлтек ауданында көпбалалы отбасынан шыққан бастауыш сынып оқушысының қол-аяғын талап кеткен. Абырой болғанда "ес кетті, жан шықты" дегенде ересек адамдар араша түсіп үлгеріпті.

Зағыпаровтың сөзіне сүйенсек, биыл Қаратал ауылында қаңғыбас иттер түсте қораға түсіп малды таласа, жасаң жақта үйірімен малды қуалап талап, ауыл ішінде оқушы балаларға атылған. Күні кеше ғана Сарытерек ауылында иесі бар қасқыр иттер бос жүріп малға шауып, сиырды талаған. Қаңғыбас және иесі бар иттер бос көшеде жүріп оқушы мен мұғалімдерге атылған жағдай да жиі қайталануда.

Тұрғындардың наразылығы орынды. Соңғы уақытта «үйірімен» жүретін иттерден бала тұрмақ, үлкендердің өзі қорқатын болды. Олай қорқынышпен күн кешетін жөндері де бар. Себебі өткен жылдың соңында Өскеменнің іргесіндегі Лесхоз ауылында 7 жасар қызды ит талап, аяғын жұлып ажал құштырған болатын. Сол кезде қыздың анасы ветеринария қызметкерлерінің салғырт жұмысын сынға алған. Ал аудандық ветеринария бөлімінің өкілдері тиісті жұмыстардың атқарылып жатқаның айтты. сендіруге тырысты.

Зайсан ауданы бойынша жыл басынан бері 500 ит пен мысық ауланды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 880 болатын. Осы мақсатта биыл 2 миллион 800 мың теңге бөлінген. Ит аулау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, - дейді "Зайсан-вет" КМК басшысы Қамбар Кәкімұлы.

Следующая →