Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 35 мыңнан астам өтініш түскен
2022 жылдың 1-тоқсанында әртүрлі байланыс арналары арқылы ШҚО Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 35 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 400-ден астамы - медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. Күн сайын Қор келесі ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды:
- 1406 байланыс орталығы,
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,
- fms.kz ресми сайты,
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.
Талдау көрсеткендей, байланыстың ең сұранысы жоғары тәсілі 1406 байланыс орталығы болып қала береді – қысқа нөмір арқылы өтініштердің 83%-ы келіп түсті. Екінші орында – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.
Өтініштердің негізгі бөлігі консультативтік сипатта болады, - деп мәлімдеді ШҚО Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. - Өтініш берушілер жарналар мен аударымдарды қалай төлеу керектігін, МӘМС бойынша медициналық көмекті алу үшін қандай кезеңдерде төлем жүргізу керектігін сұрайды. Ағымдағы жылдың тек үш айында 400-ден астам шағымдар түскен. Оларға келетін болсақ, бұл ретте облыс тұрғындарынан медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, тар бейінді мамандарға жазбаның болмауына байланысты болды.
Қор әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет.