Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

28-шағын ауданның үйлері неге тұруға жарамайды?

Өткен жылы ғана Өскеменде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген бір қабатты үйлердің сапасы сын көтермей, үйлердің іргесі сөгіліп, қабырғасы жарылып жатыр. Тұрғындардың үйлі боламыз деп шаш етектен шығынға батқандары былай тұрсын, жаңа баспананы өздері жөндеп, кем-кетігін түзеп алғанын айтып дабыл қағуда

Усть-Каменогорск и ВКО / 28-шағын ауданның үйлері неге тұруға жарамайды?
Фото:
автор ұсынды

28-ші шағын ауданда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үйлер тағы сапасыз болып шықты. Аталған үйлерді әкімдік талай жылдан бері кезекте тұрған отбасыларға былтыр жеңілдетілген ипотекамен берген болатын. Зорға дегенде қол жеткізген баспана үмітті ақтамады. Алыстан қарағанда қызарып көз тартқанымен, сапасы сын көтермейтін болып шықты.

Сырты түсе бастаған, шатырынан су сорғалап, кірпіші құлаған, қабырғасы жарылып, едені опырылған үйлер... Мұндай көрініс Қазақстанда жаңадан пайдалануға берілген, әсіресе, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлерде жиі кездеседі. Сондай мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған үйлер тағы да сапасыз болып шықты. 28-ықшам ауданындағы үйлердің кілттері табысталғанда иелері қатты қуанған еді. Өкінішке қарай, қуаныштары ұзаққа бармады. Ай сайын жүз мыңдап несие төлесе де, баспанасына әлі кіре алмай жүргендер қаншама. Жарылған үйде тұрып, қызыл асықтан батпақ кешіп жүргендер де жоқ емес.

imgonline-com-ua-Resize-AyyFwMDIwxXgpE.jpg

Үйлердің сапасына көңіліміз мүлдем толмайды. Сазды жерге салынғандықтан, іргетасы жарылып кетті. Жарылған әр кірпішке белгі қойып жүрмін. Өйткені үйді салған мердігер компания өкіліне дәлелдеуім керек. Ең сорақысы кірпіштерін де дұрыс жинамаған. Қисық. Төбесі де жұқа, қыста қырауланып кетеді. Үй іші дымқыл болғандықтан қырықаяқ пен қара шегіртке қаптап кетті. Еденнің асты еріген қардан жиналған су. Ызғары сезіліп тұрады. Біздің үй қайта көрім. Басқалары, тіпті, әлі үйіне көшіп кіре аламай отыр, - дейді қала тұрғыны Ербол Атаев

Қазақ тілінде "нұрлы" сөзі шуақты деген мағына береді. Бірақ мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған сапасы сын көтермейтін, ипотекаға алынған баспана азаматтардың өміріне шуақ шашып, нұрландырып жіберген түгі жоқ. Қайта қарызға батырып, әбіржітіп жіберген. Бұл үйлер 2018 жылдан бастап салынған, бірақ пайдалануға былтыр беріле бастаған. Аумақта 54 үй бой көтерген. Бүгінде 30 отбасы көшіп келген. Тұрғындар бұнда жаңадан үй алғандай емес, өздерін үй салып жатқандай сезінеді. Себебі есігінен бастап, пешіне дейін қайта ауыстырған.

imgonline-com-ua-Resize-zDsoT5llEMjuPGcP.jpg

Бәрін қайтадан өзіміз істедік. Тоқ желілерін де өзіміз тарттық. Стандартқа сай емес, арзанқол есептеуіш құралдар қойылған. Дайын үй деп ойласақ, қателестік. 1 миллион теңгеге пеш ауыстырдым. Есіктері жұқа, қораға орнатпаса, үйге жарамайды. Әкімдіктегілер әне жөндейміз, міне жөндейміз деп әлі жүр. Қаражатыма сай үй ала алмадым, - дейді Ербол Атаев.

Ал үйдің кілті қолына тисе де әлі жаңа қонысына кіре алмай жүргендердің бірі Бақытжан Бекенов. Себебі баспананың іргетасы жарылып, қыстағы аяздан соң едені ойылып ортасына түскен. Жолдың шетінде арық болмағандықтан еріген су үйлердің ауласында көлкілдеп тұр. Оның үстіне жарылған үйге апарар жол да жоқ. Ми болып езіліп жатыр. Шарасыз қоршау темірге жармасып өтуге тура келді. Бір қарағанда баланың ойынындай көрінгенімен, жауын-шашындағы жалғыз жол осы. Жылу жүйесі де толық тартылмаған. Сол себепті кейбір отбасылар қыс ортасында қаладан пәтер жалдауға мәжбүр болған. Енді несиені төлеген ақшаларын қайтарып беруді талап етіп отыр.

imgonline-com-ua-Resize-OjKJlmrQqebJ.jpg

Бұл үй тұруға жарамсыз болғандықтан қалада пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Үйді мемлекеттік бағдарламамен 13 миллион теңгеге алдық. 19 жылға айына 74 мың теңге несие төлеймін. Үйдің сапасына разы емеспін. Құрылыс бөлімі ма? «Восток строй ма?» мына үйді салған...ең құрығында ақшамызды алып берсе, бізді үйдің кезегіне қойып берсе, мына үйді қайтарып береміз. Тіпті болмаса, үйді жөндеп берсін?! Құбыр жолдары жөнделмегендіктен бүкіл кір су үйімнің алдына ағып келеді. Қар суының астында қалдық. Жолымыз батпақ, - дейді қала тұрғыны Бақытжан Бекенов.

Қазіргі таңда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көп жылға несие алған тұрғындар не істерін білмей отыр. Үйді жөндетіп беру үшін қалалық құрылыс бөлімі мердігер компанияны сотқа берген. Тұрғындардың талап-арызымен де келісіп отыр.

Ақауларға сәйкес қай уақытқа дейін жөнделетін мерзімін нақты айта алмаймыз. Бірінші бір үйден жөндеп бастап, ол қанша уақыт алатынын байқаймыз. Содан кейін ғана қалған үйлерге уақыт белгілейміз. Мердігер компания өкілдері жөнделуі тиіс үйлердің санын анықтап, бірден жұмыстарына кірісіп кетті, - дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Мерей Әкімжанов.

imgonline-com-ua-Resize-l4rEiUIZZTIgL.jpg

Халық уәжін айтып әкімдікке бірнеше рет барған. Тиісті жерлерге бума-бума қағаз да жіберген. Тұрғындардың білгісі келгені - бір мәселе: «Әрі қарай не болмақ? Үйді жауапты мердігер компания өз қаражатына толық жөндеп бере ме?» деген сынды сұрақтар.

Жергілікті әкімдік өкілдері құрылыс барысында кемшіліктің кеткенін мойындап отыр. Әкімдік те үйді қалпына келтіру жұмыстарын өз бақылауына алуға уәде берген. Дегенмен, үйдің үш жылдық кепілдік мерзімі бар екен. Сол бойынша мердігер компания жөндеп бермек. Тіпті қазір жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Компания былтыр ғана пайдалануға берілген үйлердің қазіргі күйіне қынжылыс білдірмесе де, үйлерді жөндеп беруге уәде беріп отыр.

imgonline-com-ua-Resize-TzOfehJPh39.jpg

Кемшіліктің бар екенін мойындаймыз. Қазір қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір шатырларын жөндеп, күн жылына сыртқы жұмыстарын қолға аламыз. Үйлердің 3 жыл жарамдылық мерзімі бар, - дейді «Восток строй» компаниясының өкілі Мұрат Мұхтарұлы.

Айта кету керек, "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған бұл үй ешкімге тегін берілмеген. Әр пәтер пайыздық мөлшері төмен несиеге алынған. Кейбірі осы бұрышқа кіруі үшін тапқан-таянғанын салыпты. Нәтижесінде көргені мынау. "Әкім-қарадан қайыр болмаса, мемлекет басшысынан араша сұраймыз", дейді жаңа үй тұрғындары.

Десе де бұл ықшам ауданда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. 2020-2025 жылдары бұл бағдарламаға 5,2 триллион теңге бөлінген.


Следующая →