Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
2022 жылдың 5 сәуірінен бастап Көкпекті ауылының тұрғындары үшін жолаушылар тасымалы қызметі іске қосылды. Ерекшелігі сол, автобус ауыл халқын тегін тасымалдайды
ПАЗ автобусының жүру кестесі төмендегідей болмақ: таңертең 7.30 - 9.30; түсте 13.00 - 15.00; кешке 17.00 - 19.00.
Бұл бастама негізінен аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Яғни, аудан әкімінің шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Марат Қапарұлы көктемгі су тасқынынан сақтандырып, ауыл тұрғындарына арнайы автобус шығарды. Таудағы, жыра-жоталардағы еріген қар сулары көктем кезінде лай, сел болып ауылға дейін келеді. Сондай кездерде қауіпсіздік үшін біз орталық көпірді жауып тастаймыз. Ал автобус судың деңгейі қалыпты жағдайға түскенге дейін, былайша айтқанда жазға дейін адамдарды жұмысына, балабақшаға, мектепке, ауруханаға негізгі айналма жолдармен тасымалдайтын болады, - дейді аудандық ішіюкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы.
Ауыл арасында жол тосқан тұрғындарды автобус күніне үш рет жетер жеріне тегін жеткізіп тастайды. Тіпті оның тоқтайтын межелі аялдамалары да белгіленіп қойыпты.
Аялдамалар тізімі:
Көкпектіліктер әзірге осы тоғыз жерден автобус күте алады. Егер алдағы уақытта қоғамдық көлік сұранысқа ие болып жатса, автобустың бағытына қосымша бағдар қосылып, қатынау аумағы кеңеюі әбден мүмкін.