Жаңадан құрылатын Абай және ШҚО облыстары қалай бөлінетіні белгілі болды
ШҚО әкімдігінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, бірлескен қаулы қабылданып, ҚР Үкіметіне жолданды
Құрылатын облыстардың аумағын белгілеу бойынша мақсатта арнайы комиссия құрылып, жаңа аймақтардың шекарасы нақтылануда. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту барысында Тарбағатай ауданының құрамынан Ақсуат және Тарбағатай аудандарын, ал Көкпекті ауданының құрамынан Самар және Көкпекті аудандарын бөлу жолымен жаңа аудандар құру туралы шешім қабылданып отыр.
ШҚО облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады, құрамында 9 аудан және 2 қала қалса, Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды, ал құрамына 8 аудан және 2 қала кіреді. Атап айтқанда, ШҚО аумағында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары болады. Абай облысында: Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары.