ШҚО-да "Денсаулық апталығының" үш күні ішінде тексерілген 150 адамның 16-сында қатерлі ісік анықталды
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 4-8 сәуір аралығында «Денсаулық апталығы» шарасы жүргізілген
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының емханасында барлық ниет білдірушілер үшін 8 сәуірге дейін консультативтік қабылдаулар өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кету керек, бұл күндері қабылдау үшін алдын ала жазылу және маманға жолдама қажет емес. Онколог-дәрігерлердің қабылдау уақыты - 14.00-ден 17.00-ге дейін.
Үш күн ішінде 150 адам онкологиялық орталықтың дәрігерлеріне кеңес алу үшін жүгінді, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі. - Алғаш рет тексерілгендердің арасында қатерлі ісік 16 адамда, оның ішінде оған күдік 6 адамда, басқа аурулар 18 адамда анықталды. Сонымен қатар, көрсеткіштер бойынша 28 адам қосымша тексеруден өтті.
Айта кету керек, қабылдауды абдоминальды және торакальды хирургтар, маммолог, уролог және гинеколог жүргізеді. Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана) мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Анықтама телефондары: 8 (7232) 48-91-51, 8-778-003-78-45.