ШҚО-да тәртіп сақшылары қалтасына есірткі салып алған жігітті ұстады
ШҚО-да тәртіп сақшылары қалтасына есірткі салып алған жігітті ұстады
Ақпан айының соңында "Дармек" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Бесқарағай аудандық ПБ полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оның күртешесінің қалтасынан тінту барысында тәртіп сақшылары күдікті түйіншекті тапты.
Сараптама көрсеткендей, жалпы салмағы 11,28 грамм кептірілген марихуана есірткі құралы болып табылады, - деп хабарлады ШҚО ПД.
ҚР ҚК-ның 296-бабы 2-бөлігі "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаскүнемге 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қауіп төндіруі мүмкін.