Өскеменде жоғалған бала бақылау камераларының көмегімен табылды
5 сәуірде облыс орталығында бала жоғалды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының 102 арнасына анасы хабарлаған болатын
Оқиға кешкі сағат 16.50 шамасында орын алған. Ата-анасы велосипедпен аулада ойнап жүрген ұлының жоғалағаны туралы полицияға хабарлаған, деп мәлімдеді Устинка LIVE тілшісі.
Анасы алдымен баланы өз бетінше табуға тырысқан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталғанан кейін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Тәртіп сақшылары дереу баланы іздеуге кіріскен.
Полиция қызметкерлері жақын маңдағы көшелер мен аулаларды мұқият аралап, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын зерттеді, - деп түсіндірді Өскемен қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула. - Нәтижесінде Өскемен қалалық ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен тәртіп сақшылары 20 минут ішінде көрші аулада жоғалып кеткен баланы тапты. Табылған баланы полицейлер ата-анасына аман-есен тапсырды.
Ата-аналар ұлының табылып, зардап шекпегеніне қуанып, полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты.
Ал қалалық полиция басқармасынан өз кезегінде облыс орталығының тұрғындарынан балаларды мұқият бақылауды сұрайды. Әсіресе тоғандардың немесе ормандардың жанында тұратындарға.