Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласы тұрғыны қалжыңдаймын деп үш жыл арқалады

Қаңтар айында ер адам полицияға хабарласып, сауда орындарының бірінде жарылғыш зат бар екенін айтқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Житель Усть-Каменогорска получил три года ограничения свободы за "шутку"
Фото:
ДП ВКО

Ағымдағы жылдың 2 қаңтарында 102 жедел арнасына белгісіз жігіт қоңырау шалып, қаланың сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын хабарлаған. Ақпаратты алғаннан кейін дереу оқиға орнына мамандандырылған қызметтер жеткен. Тексеруден кейін қоңырау жалған болып шықты.

Тәртіп сақшылары телефон нөмірі бойынша қоңырау шалған жігітті жедел анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны болып шықты, ол куәландыру нәтижелесіне сәйкес орташа дәрежедегі масаң күйде болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Ағымдағы жылдың 24 наурызында аталған жігітке 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 3 айында ғана полиция қызметкерлері басқа арнайы қызметтермен бірлесіп осындай 4 шақыртуды тексерген, олар тексеру барысында жалған болып шықты және ақпарат расталмады.

Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.



Следующая →