Аягөз тұрғынынан 10 келі марихуана тәркіленді
Тінту барысында 44 жастағы ер адамнан ерекше иісі бар зат салынған сөмке табылды
Наурыз айының басында құқық қорғау органдары есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті ретінде ШҚО тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшылары күдіктінің пәтерін дереу тінтуге кірісті. Нәтижесінде өсімдік тектес заты бар жасыл сөмке алынды. Сараптама көрсеткендей, алынған зат "кептірілген марихуана" есірткі құралы болып табылады, оның жалпы салмағы шамамен 10 килограмды құрады, - деп хабарлады ШҚО ПД.
ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі "есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді заңсыз иемдену, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту не өткізу"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаскүнемге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіруі мүмкін.