Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өңірде мың жарымға жуық бала аутизмге шалдыққан

Болат Өтемұратовтың жеке қорының "Асыл Мирас" аутизм орталығы біздің өңірде алты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Қор аутистік спектрі бұзылған балаларға тегін қызмет көрсетеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өңірде мың жарымға жуық бала аутизмге шалдыққан

Өскеменде аутизмі бар балаларға арналған "Асыл Мирас" орталығы осыдан 6 жыл бұрын ашылған. Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры 2014 жылыдан бастап "Аутизм. Баршымызға бір әлем" бағдарламасын жүзеге асырады. Ол аутистік спектрдегі ауытқулары бар балаларға көмек көрсетудің ең тиімді әдістерін Қазақстанда зерттеуге және енгізуге бағытталған. Тегін қызмет көрсететін бұндай мекемелер саны еліміз бойынша 10-ға жетті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл, Павлодар және Тараз қалаларында бар. Орталықтың негізгі міндеті - АСА (аутистік спектрдің аурулары) алғашқы кезеңде анықтау, балаларды әлеуметтендіру және оларда қажетті дағдыларды дамыту.

Әлеумет - фото автордікі (22).jpg

Біздің орталықтың есігі күн сайын барлық ата-аналар мен балалар үшін ашық. Мұнда ең озық әдістер бойынша оқытылған біздің мамандар АСБ диагностикасын тегін жасайды және егер балаңыздың науқастығы анықталса, қажетті дағдыларды дамыту үшін тиісті бағдарлама белгілейді. Орталықта ем қабылдаған немесе әлі де келіп жүрген балалардан оң нәтижелер байқалады, ілгері даму бар, - дейді "Асыл Мирас" аутизм орталығының жетекшісі Динара Дүйсембинова.

Әлеумет - фото автордікі (3).jpg

Қаламыздағы орталық 80 балаға есептелген. Үш айға созылатын оңалту курстарына бүгінгі таңда 72 бала тіркелген. Орталықта 0-15 жас аралығындағы балалармен логопедтер, дефектологтар, психологтар, педагогтар екі тілде жұмыс істейді. Диаг-ностика мен мамандардың көмегі тегін көрсетіледі. Аталмыш орталықта әр баланы оңалту курсы 3 айға созылады. "Асыл Мирас" қорының барлық мекемелері сияқты Өскемендегі орталық та екі әдістемеге негізделген бірыңғай түзету бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Біріншісі - классикалық, ол баламен әлеуметтік-коммуникативтік және танымдық салаларды, тілдік және күнделікті өмір дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл үшін әрбір балаға арнап жеке педагог қарастырылған және кішкентай аутист меңгеруі тиіс 544 дағдыға негізделген жеке бағдарлама дайындалады. Қазіргі таңда орталықта мамандар 6 бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Атап айтсақ, "ерте қолдау бағдарламасы", онда 0-ден 3 жасқа дейінгі баланың ата-анасымен өзара байланыс құру және баланың моторикасын, сенсорлық дағдыларын, әлеуметтік өзара әрекеттесу шеберлігін, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Екінші, "оқыту дағдыларын дамыту бағдарламасы" 3 жас-тан 9 жасқа дейінгі баланың оқыту, ынтымақтастық, нұсқаулықтарды түсіну мен орындау, көрнекі қабілеттерін, еліктеу дағдысын, сөйлеуді түсіну, сұраныстарды білдіру және академиялық дағдыларды дамытуды көздейді. Үшінші, "өмірлік дағдыларды қолдау бағдарламасы" дамуында 8-15 жастағы АСД (аутизм спектрінің бұзылуы) бар баланың ауыр ауытқулары бар және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары жоқ яғни, ұқыптылық (жеке гигиена), өзіне-өзі қызмет көрсету (тамақтану, киіну қабілеті, үйге күтім жасау), қоғамда бейімделу (көлік, қоғамдық орындар), өз денсаулығына қамқорлық жасау және коммуникация дағдыларын дамыту. Төртінші, "қарқынды курс бағдарламасы" 0-ден 15 жасқа дейінгі баланың сөйлеу, әлеуметтік, оқыту, өмірлік дағдыларын дамыту үшін баламен жұмыс жасау арқылы АСД бар баланың ата-анасын практикалық оқыту. Яғни, баланың негізгі дағдылары негізінде, функционалдық дамуын ескере отырып, баланың жеке даму жоспарын әзірлеп, ата-анасына ақпарат бере отырып, баланың дамуына кезең-кезеңімен функционалдық талдау жүргізу. Келесі, "әлеуметтік дағдыларды дамыту" - 5-15 жастағы баланың әлеуметтік дағдыларын дамыту. Яғни, әлеуметтік ойынды, эмоцио-налды реттеуді, әлеуметтік өзара әрекеттестікті, әлеуметтік түсінікті дамыту. Соңғы алтыншы "джаспер бағдарламасы" бірлескен назар, символдық ойын, 3-7 жас аралығындағы балаларды тарту және реттеу негізінде сөйлеу дағдыларын дамытуға негізделген.

Орталықтағы мамандардың айтуынша, бұл дерттен балаларды толық емдеп шығу мүмкін емес. Олар бүлдіршіндердің бойында белгілі бір дағдыларды қалыптастырып, қоршаған ортаға бейімдейді. Науқастардың адамдармен қарым-қатынасын жеңілдету тәсілдерін үйретеді. Кей ата-аналар осы жағдайды түсінбей, "баламыз неліктен толық жазылмады" дейтін жағдайлар да кезігеді екен.

Біздің орталықтың балаларды емдеудегі ерекше әдістерінің бірі - науқастарға мәжбүрлі түрде ем жүргізбейміз. Бүлдіршіндерді бейімдеу ерікті, ойын түрінде өтеді. 3 айлық ем-шаралардан кейін науқастардың жағдайы жақсарып, ойлау қабілеттері дамып, қоғамға бейімделуі ілгерілейді, - дейді "ерте қолдау" бағдарламасының клиникалық педагогы Ай-Күн Масалимова.

Әлеумет - фото автордікі (15).jpg

Өскемендегі орталықта 9 маман жұмыс істейді - логопедтер, психологтар, дефектологтар, клиникалық педагогтар. Бір қызығы: мұндағы мамандар 20 жастан енді ғана асқан, екі тілде еркін сөйлейтін қыз-жігіттер. Солардың бірі "оқыту дағдыларын дамыту" бағдарламасының клиникалық супервайзері және "Jasper" бағдарламасының клиникалық педагогы - Вероника Тарасова.

Джаспер бағдарламасы 15 жыл сыналған. Қазіргі таңда әлемнің бірнеше мемлекетінде қолданылуда. Қазақстанда тұңғыш рет қолданысқа енгізілген бағдарлама. Бұған дейін бұл бағдарламаға 500 бала қатысып, жан-жақты зерттелген. Курс уақыты - 3 ай. Қазір орталықта 72 аутизммен ауыратын бала ем қабылдап жатыр. Туылғаннан бастап, 15 жасқа дейінгі жеткіншіктер бар. Солардың тең жартысы осы бағдарлама бойынша курс алуда, - дейді "Джаспер" бағдарламасының педагогы Вероника Тарасова.

Әлеумет - фото автордікі (23).jpg

Сондай-ақ, бағдарлама бойынша сабақ аяқталғаннан кейін клиникалық мұғалім рейтинг шығарады. Яғни, балының сабаққа қатысуы, үй тапсырмасын орындауы, ата-аналардың өткізілетін семинарлар мен вебинарларға қатысуы бағаланады. Рейтинг балы неғұрлым жоғары болса, бос орындар болған жағдайда бала бағдарлама бойынша қайта қатыса алады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін ата-аналар кестеге сәйкес клиникалық мұғалімнен кеңес ала алады және баланы үйде оқытуды жалғастыру үшін арнайы ұсыныстар дайындалады.

Диагностикадан өту үшін жолдама талап етілмейді, орталыққа кез келген ата-ана жүгіне алады. Бізде оқу күндіз өтеді. Бір баламен маман 2 сағат жұмыс жасайды. Сондай-ақ, біздің орталыққа жан-жақтағы аудандардан адамдар көп келеді. Нәтиже көріп, алғыстарын айтып жатады, - дейді орталық жетекшісі Динара Дүйсембинова.

Жалпы облыста 1400-ден астам бала аутизмге шалдыққан. Олар үшін 12 мектеп-интернат, 4 мектепке дейінгі мекеме, 12 түзету сыныптары және 3 медициналық орталық жұмыс істейді. "Асыл Мирас" аутизм орталығы аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етері анық.


"Асыл Мирас" аутизм орталығының мекенжайы:

Өскемен қаласы, Чехов көшесі, 61

Байланыс нөмірі:
+7 (7232) 24 14 66,

+7 (7232) 26 69 80,
+7 (771) 218 50 01

e-mail: oskemen.center@utemuratovfund.org

Следующая →