Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Саз балшықпен жұмыстың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Қыш өнері десе, археологиялық қазбалар кезінде табылған ернеуі жарылған, сынған ыдыстар көз алдымызға келеді. Алайда бекзат өнерді жандандырып, балшықтан заманауи бұйымдар жасап жүрген шеберлер бар. Тіпті бүгінде білгенін өзгеге үйретіп, бұл істі кәсіп көзіне айналдырғандар көп. Солардың бірі жерлесіміз Надежда Хабарова

Усть-Каменогорск и ВКО / Саз балшықпен жұмыстың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Фото:
автордікі

Шеберден қыш өнері туралы сұрадық, ұлттық өнер мұрасының қыр-сыры, ерекшеліктері, қолданылу аясы турасында әңгімелестік...

Саудадан қолөнерге келген шебер

Саздан жасалған құмыралар, мүсіндер, ыдыс-аяқтарды жәрмеңке, саябақтарда және тағы басқа жерлерде жиі кездестіреміз. Алайда көпшілігіміз оларға аса қатты мән бере бермейтініміз рас. Қыштан қашалып жасалған бұйымдар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап қолданылғаны белгілі. Ертеректе адамзат пайдаланған ыдыс-аяқтарды зерттей келе бұл қыш ыдыстардың ішінде тарихтың талай құпиясы сақталғандығына қазіргі ұрпақ көз жеткізді.

Қазіргі мен жасап жүрген қыш бұйымдары мен көне қыш бұйымдарының айтарлықтай айырмашылығы жоқ, технологиясы бір, бірақ күйдіру процесінде ғана ерекшеліктер бар. Ертеректе отқа салып күйдірген болса, мен электр пешінде күйдіремін, - дейді қыш шебері Надежда Хабарова.

Қолөнер - фото автордікі (9).jpg Қолөнер - фото автордікі (4).jpg

Мүсіншілік өнерге Надежда бала кезден жақын. Бойында бұғып жатқан бұл өнерді көршілес Ресей елінің Новосібір қаласына барып, арнайы оқудан өтіп шыңдап келген. Өскеменге оралысымен өз қаражатына саз балшық станогын сатып алып, шеберхана ашып, шәкірт тәрбиелеп, жүрек қалауымен сазды илеп, түрлі заттар жасап, сүйікті ісімен айналысып отырғанына 3 жылдан асыпты.

Менің ұстаздарым мықты болды. Новосібірге барып оқығанда 2 аптаның ішінде 2 жылдық білім алып шықтым. Негізінен сауда, асхана саласында қызмет еткенмін. Кейін уақыт өте қолөнерсіз өткен күнімнің бос екенін ұқтым. Жаным қалайтын дүниеге бет бұрдым, - дейді шебер.

Надежданың айтуынша, құмыра жасау үшін адамға ең алдымен шыдамдылық, ниет, тазалық керек. "Саз балшық сырттай лас болып көрінгенмен, өте кірпияз дүние" дейді шебер. Ал адамдардың көбі сол саз балшықтан қолдан әр түрлі бұйымдар жасауға болатынын біле бермейді.

Саз балшықтан қазіргі заманда тұтынып жүрген әр түрлі көлемдегі құмыралар, ыдыс-аяқтар, тағы да өзге заттарды жасауға болады. Көптеген Азия мемлекеттерінің мейрамханаларында пайдаланылып жүрген құмыралар, шәйнектер, кеселер, астаулар, табақтар сынды ас үй заттарының көбі керамикадан, саз балшықтан жасалады, - дейді қолөнер шебері.

Сондай-ақ, шебер саз таңдау мәселесіне бейжай қарауға болмайтындығын айтты. Кез келген жерден сазды қазып алып, құмыра жасау үшін қолдана алмайсыз. Себебі ол саздың ішінде тас, қоқыс немесе шыны болуы мүмкін. Өзі сазға қатты мән береді екен.

Шикізат табу деген ол қиынның қияметі. Сенсеңіз, елімізде қолөнерге арнап сазбалшық дайындайтын бір цех, завод жоқ. Шикізатты Мәскеуден, Петербордан алдырамыз. Саз балшық табиғи материал болғандықтан, оның химиялық құрамы таза, зиянсыз болып келеді. Ол отқа да өте төзімді. Қыш шеберлері саз балшықтың құрамын білуге тиіс. Шеберлер арасында "балы көп немесе тәттісі көп балшық" деген тіркес бар. Егер балшықтың құрамында "балы көп" болса, одан бұйым жасаған кезде жарылып кетеді, мұндай бұйымдар ұзақ тұрмайды. Сондықтан "балы аз" балшық керек. Сондай-ақ, майлылығы тым жоғары немесе тым аз балшықтар да жарамайды, майы көп болса, бұйым кепкен соң кішірейіп қалады, ал майы аз болса, жарылып кетеді. Қыш бұйымдарын жасау үшін алдымен қажетті материалдарды жеткілікті деңгейде дайындап алу керек. Бұл іспен түбегейлі айналысамын деген адам топырақтың құрамын жақсылап меңгеріп алғаны жөн. Әр жердің топырағы әр түрлі болып келеді. Кез келген балшық бұйым жасауға жарай бермейді, оны дұрыс таңдай алмасаңыз, қалыпқа, көзеге салғанда, күйдірген кезде сынып, жарылып кетеді. Сондықтан саз балшықты таңдау, оны дайындау технологиясын білу керек, - деп ағынан жарылды Надежда Хабарова.

Қыштан бұйым жасау технологиясы бар

Шебермен әңгімелесе келе қолөнер бұйымын өзім жасап көруге бел будым. Айтуға ғана оңай екен. Саз балшықтан мүсін келтіріп, бұйым жасау шын мәнінде қиының-қиыны екен. Қыш өнердегі ең маңыздысы - шеңбердің орталық бөлігі. Одан кейін балшықпен конус жасаймыз. Құмыра жасау барысында саз құрғап кетпеуі үшін үнемі суды қолданып отыруыңыз керек. Шеңберді бір қалыпты деңгейде айналдырып, екінші қолыңызбен қалпын сақтап отырасыз. Құмыра дайын болғанда шеңберді тоқтатып, дайын затты кесіп аласыз. Одан кейін өзіңізге қажетті үлгіде тегістеп сәндеуіңізге болады. Саз балшықпен жұмыс жасаудың технологиялық тәсілдері әр түрлі болып келеді екен. Ол сіздің жасайтын затыңызға байланысты келеді.

Қыштан жасалған шыныаяқтарды қол мүсінімен жасаймыз. Ең бірінші ыдыстың түбі, одан кейін қабырғалары жасалады. Қыш шеңберімен құмыра ғана емес, табақ, түрлі формадағы шыныаяқтар және үйге қоятын түрлі сәндік заттар мен бұйымдар жасауға болады. Негізінен саз балшықпен жұмыс істеу үшін саздан бөлек кесіп-түзетуге қажетті құрал-жабдықтар керек. Құмыра жасайтын саз өте жұмсақ болуы керек. Саздың бірнеше түрі болады. Біз қызыл және ақ саз балшықпен жұмыс істейміз, - дейді Надежда.

Қолөнер - фото автордікі (10).jpg

Сондай-ақ, шебер құмыра жасау үшін кемінде бір апталық уақыт кететінін айтты. Ең бастысы қандай да бір затты жасағаннан кейін міндетті түрде дұрыс кептірілуіне ерекше мән беру керек екен.

Жасаған затты пешке салып күйдіруге бір күн кетеді. Пеште негізінен саз балшықтан жасалған заттар 950 градуста күйдіріледі. Кез келген құмыра 12 сағатта сол градусты көтереді. Пештен шығарғаннан кейін арнайы бояумен бояй-мыз. Одан кейін тағы да пешке саламыз. Бірақ екінші рет 1150 градустағы температурада күйдіреміз. Сонда ғана теп-тегіс, жып-жылтыр болып шығады, - дейді шебер.

Балшықтың денсаулыққа пайдасы қандай?

Шебердің айтуынша, топырақтың адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Біріншіден, саз балшықтың құрамында 60%-ға жуық кальций элементтері бар. Яғни, сазды ұстаған кезде адам алақаны арқылы организмге пайдалы дәрумендер тарайды. Оны қолмен илеу арқылы сүйек қатаяды. Екіншіден, еңбекке үйреніп, шеберлігін шыңдайды. Сонымен қоса, адамдарға балшық илету арқылы әр түрлі психо-физиологиялық аурулардың алдын алуға болады.


Қолөнер - фото автордікі (14).jpg

Қол моторикалары дамымаған балаларға арнайы сабақтар жүргіземін. Ата-аналар шеберханама келгенде логопед, дефектолог мамандар жібергенін айтып жатады. Сумен, жұмсақпен, балшықпен жұмыс істеудің балаларға үлкен пайдасы бар. Ересек топтар келген кезде "Өте жақсы әсер алдық", "Барлық проблемамызды ұмытып, өнерден ләззат аламыз" деп жатады. Сондай-ақ, психологымыз бар, балалармен жұмыс істер кезде сол кісі арнайы келіп, бірге жұмыс жасаймыз, - дейді шебер.

Біз әңгімелесіп отырғанда бір жылға жуық уақыт келіп жүрген 11 жасар Қайсар есімді бала келді. Ол бір айлық абонемент сатып алаған. Қолөнермен айналысып, үйреніп жүр екен.


2 мәрте аталмыш өнер туралы сабақ алған. Бізге тәжірибе жүзінде көрсетіп, әп-сәтте жаңа бір құмыраны жасап шығарды. Әлі де қатая қоймаған оның сүйріктей саусақтарынан бұл іске әжептәуір төселіп қалғандығын аңғардық.

Бүгінде шеберханама келуші жастар қатары көп. Олардың барлығы да саз балшықтың сырын ұғып, қыш құмыра құпиясына терең бойлағысы келеді. Тіпті, мұнда бар-жоғы 2-3-сыныпта оқитын кішкентай бүлдіршіндер аптасына 2 мәрте аталмыш өнер туралы сабақ алады. Үйренеді. Мүсін өнеріндегі алғашқы туындыларын бірге жасайды. Қазір жастардың өнерге деген қызығушылығы артуда, - дейді Надежда.

"Бұл өнер кәсіп көзі ме, әлде сүйікті ісіңіз бе?" деп сұрағанымызда, өнер ешқашан бизнеске айналмайтынын айтты.

Қолөнершілер өз бұйымдарын сатады, бірақ ол ақшасы шикізатқа, қажетті материалдарға жұмсалады. Мұны шәкірттеріме де үнемі айтып отырамын. Әзірге маған айына 50 шақты адам келіп үйренеді, шәкіртім бар. Бірақ әуресі мол, табысы аз дүниемен көп жастардың айналысқысы келмейді. Жаны таза адамдар өнерге ғашық келеді. Қыш өнерімен айналысу үшін оны жүрегіңмен сүю керек, - дейді шебер.


Следующая →