Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Ақ бұлақпен" су тартамыз деп, жолдарды қара батпақ қылды

Кардың еруімен ауыл-аймақтағы тұрғындар дұрыс жасалмаған жолдардың саз балшығына батып жүр

Усть-Каменогорск и ВКО / "Ақ бұлақпен" су тартамыз деп, жолдарды қара батпақ қылды

Ауылдағы көшерлердің ортасынан адам түгілі көліктер жүйіткіп өте алмай, батып қалатын болды. Мұның барлығы әкімдік пен мердігер мекемелердің уақтылы немесе дұрыс жасамаған жұмыстарының нәтижесі.

Бүгінде Үржар ауылының тұрғындары көшенің саз балшығын кешіп жүр. 2020-2021 жылы ауылға су құбырлары тартылған. Нәтижесінде ауылдың көшелері қазылып, тұрғындарға бір қолайсыздық туғызса, құбырлар толық салынып болған соң, жолдарға жөндеу жасалмай халықты тағы бір әбігерге салды.

Мысалы, 19 наурыз күні Үржар ауылындағы Сәрсеков көшесінде екі жедел жәрдем көлігі батып қалды. Батпағы езілген жолдардан көліктерді итеріп шығарғанша талай уақыт өтіп, медицина қызметкерлері науқастардың шақыртуына кешігіп барды.

Су құбырларын тарту бойынша дайындалған жобалық-сметалық құжаттарда артынан жолдарды жөндеу туралы тарау қосылмай қалған екен. Сондықтан құбырды ауыстырған мердігер компания жолдарды жөндеуден бас тартты. Сол себепті қазір біз ауылдағы жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тендерлік конкурсқа құжаттар әзірлеп жатырмыз. Ол бір айдан кейін аяқталып, жеңімпаз анықталған соң жолдарды жөндеу жұмыстары басталады, - дейді Үржар аудандық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Ернат Жумашев.

Жөндеу - фото Үржар ауылының тұрғындарынан (2).jpg

Күршім ауылының тұрғындары да сары балшықтан аяқ алып жүре алмай қалған. Ондағы жағдай жолдардың дұрыс жасалмауынан болып тұр.

Күршім ауылындағы Бірлік, Зангин, Бунтовских көшелеріне жөндеу жұмыстарын жасау үшін 2021 жылдың қазан айында жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Қарашаның ызғарымен мердігер компания шамасы келгенше жолға құм аралас қиыршық тастар төккен. Қыспен жағаласып жасалған жөндеу жұмыстарының нәтижесі бүгінде күршімдіктердің мазасын қашырды.

Мердігер компаниямен сөйлестік, олар келіп жолдарға қайта қиыршық тастар төгетін болды. Биыл жөндеу жұмыстарын жалғастырып, барлығын ретке келтіреді, - деді Күршім ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрсоветұлы.

Халықтың жағдайын жақсартамыз деп, қожанасырдың қылығын жасау қашан тоқтатылады? Бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, халық әкімдікке ақ батасын беріп, бастамаларын қолдап отыратын күн туар ма екен?!.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Үржар Күршім Жолдар