ШҚО оқу ғимаратында 11 келіден астам есірткі тәркіленді
Оңтүстік астананың тұрғыны кептірілген марихуананы Семей қаласының білім беру орталығының кабинетінде сақтаған
Наурыз айының басында тәртіп сақшылары есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті 36 жастағы ер адамды Семей қаласының Тіл орталығының кабинетінде ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтилен түйіншегі бар картон қорапты тауып алып, тәркіледі.
Сараптама тәркіленген зат есірткі, дәлірек айтқанда кептірілген марихуана екенін көрсетті. Жалпы салмағы 11 500, 00 грамнан асады, - деп хабарлады ШҚО ПД.
ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі "есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаскүнемге 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.