Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО драма театрының үздіктері марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында кәсіби мереке - Дүниежүзілік театр күніне орай үздік режиссерлер, әртістер мен цех қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО драма театрының үздіктері марапатталды

Тәуелсіздік алғалы осы уақытқа дейін елімізде жаңа 20 театр ашылса, Орал, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Талдықорған қаласында 8 театрға жаңа ғимарат салыныпты. Жыл сайын театр сахналарында әр түрлі жанр мен бағытта 12 мыңға жуық спектакль қойылады екен. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді. Оның 52-сі мемлекеттік, 4 ұлттық - ұйғыр, корей, неміс және өзбек театрлары бар. Осы өнер ошақтарының барлығы 27 наурыз күні ортақ мереке – Дүниежүзілік театр күнін кең көлемде атап өтті. Бұл - тек киелі сахна төрінде жүрген жандардың ғана емес, барша руханият жанашырларының ортақ мерекесі. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры биыл Мәдениет басқармасының "МАСКА" кәсіби сыйлығын табыстау салтанатын театр сахнасында өткізді. Екі жыл бойы бұл шара онлайн өтіп келген еді. Бұл жолы театр тарландары қуанышты күнді көрермендерімен бөлісті.

Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов барша қауымды Дүниежүзілік театр күнімен құттықтап, жалпы өнердің ағартушылық және тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.

Театр ерекше атмосфераға ие және бізді әдеттегіден бөлек әлемге жетелейді, мәдениет пен тарихқа қол тигізуге мүмкіндік береді, күнделікті өмірде жиі байқамайтын нәрселерді көруге көмектеседі, – деді Нұрболат Қадырұлы. - Бір қуаныштысы, шығысқазақстандықтар театрға қуана-қуана барады. Театр әлі тірі, оның риза, сезімтал және талантты көрермені бар.

70f8356b-d7f8-4b70-b31c-c011a3f9c8dd.jpg

Биыл А.П. Чеховтің шығармалары негізінде сахналанған "От Антоши Чехонте до Чехова" қойылымы және Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығы туралы "Өмір-өзен" музыкалық қойылымы "Үздік спектакль" деп танылды.  Жалпы "Маска" сыйлығының лауреаттары қатарында қазақ, орыс және жастар труппасының 20 қызметкері болды.  

театр (2).jpg

Айта кеткен жөн, алғаш рет "МАСКА" сыйлығымен моноспектакльдердің актерлері Михаил Иванов ("Почему люди не..?") және Мирас Разханов ("Тегімді менің сұрама"), сондай-ақ театр өнеріне сіңірген еңбектері үшін режиссерлердің ассистенттері Нұрсұлу Мукузинова мен Бибат Отарбаева марапатталды. Ал "Рүстем Есдәулет" атындағы арнайы номинация маусым репертуарындағы барлық қойырымдарда ойнаған Арай Маралбековаға бұйырды.

Осы орайда айта кетейік, 31 наурыз күні Жастар театры Катонқарағай аудандық мәдениет үйінде "Өмір-өзен" музыкалық қойылымын сахналайды. Кіру тегін.


Следующая →