Катонқарағай ауданында қар көшкіні басталды
Түскен қардың көлемі шамамен 600 текше метрді құрады, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ
28 наурызда Шығыс Қазақстан облысының аудандарының бірінде өздігінен қар көшті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті маңызы бар "Согра-Барлық" автомобиль жолы жабылды. Оқиға орнына бірден екі жұмысшы шықты, олар жолды тазалай бастады.
Құтқарушылар мен "Қазселденқорғау" қызметкерлері барлық аймақ бойынша көшкін қаупі бар учаскелерді үнемі қадағалап отырады және халықты ықтимал ТЖ туралы алдын ала хабардар етеді.
Естеріңізге сала кетейік, егер сіз қауіпті жағдайға тап болсаңыз немесе төтенше жағдайдың куәсі болсаңыз, онда бұл туралы 112 телефонына хабарлауыңыз керек.