Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО онкологтары 127 адамға тегін кеңес берді

Өткен сенбі күні ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында колоректальдік қатерлі ісік және жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтауға байланысты Ашық есік күні өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО онкологтары 127 адамға тегін кеңес берді
Фото:
ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінен

Бұл күні келушілерге жолдамасыз және тегін онколог мамандарының кеңесін алуға мүмкіндік болды.

Шара барысында таңертеңгі 9-дан 14.00-ге дейін 130-ға жуық адам Онкологиялық орталыққа келіп, қажетті медициналық көмекке жүгіне алды.

Айта кетйік, Ашық есік күні - халықтың қауіпті ауруды ерте анықтауға назарын аудару болып табылады. Мамандар ауруды ерте анықтаған жағдайда ғана науқасты ажалға алып келетін қауіпті дерттен арылта алуға болатындығын еске салады.

Шара барысында 127 адамға қажетті медициналық кеңестер көрсетіліп, оның ішінде 13 адамнан қатерлі ісік болжамы, 1 адамнан ауру анықталып, 40-тан астам басқа да аурулар тіркелді.

Осы шараға қатысу үшін арнайы таңертең келдім. Дәрігерлер маған кеңес беріп, мұқият қаралдым. Әйел адам өз денсаулығына қашанда көңіл бөлуі керек, оның үстіне еш жоддамасыз осылай маман көмегіне жүгіну өте ыңғайлы, - деп бөлісті Өскемен тұрғыны Салтанат Сембинова.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жатыр мойны обырын анықтауға бағытталған МӘМС аясында скринингтік бағдарламалар қарастырылған. Сонымен қатар, тоқ ішек обырын 50 мен 70 жас аралығында әйелдер мен ер азаматтар МӘМС аясында скринингтік тексерулерді тұрғылықты мекенжайы бойынша емханалардан өте алады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО МӘМС ӘМСҚ