ШҚО-да мұз өткелі жабылды
ШҚО Полиция департаменті мұздың жылынуына және белсенді еруіне байланысты "Қызыл Ту" өткелі арқылы қозғалысқа тыйым салынғанын хабарлады
28 наурыздан бастап ШҚО Күршім және Көкпекті аудандарының жағалауларын жалғайтын "Қызыл Ту" мұз өткелі арқылы барлық көлік құралдары үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күршім ауданының облыс орталығымен көлік қатынасы паромдық өткел ашылғанға дейін тек "Күршім – Үлкен Нарын - Алтай - Өскемен" және "Күршім - Зайсан - Өскемен" автокөлік жолдары бойынша жүзеге асырылатын болады, - делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды жасауға мұқият қарау керектігін атап өтті.