Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлемнің үздік ұстазы А. Жұмабеков: "Ұстаз үнемі ізденісте болуы керек"

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" демекші, бүгінгі күннің ұстазы өз оқушысынан бірнеше қадам алда жүруі керек. Күн сайын өзеріп, түрленіп, дамып отырған мыназаманда шәкіртінен көш ілгері жүру оңай шаруа емес

Усть-Каменогорск и ВКО / Әлемнің үздік ұстазы А. Жұмабеков: "Ұстаз үнемі ізденісте болуы керек"
Фото:
А. Жұмабековтың жеке мұрағатынан

Асхат Жұмабеков - еліміздің ғана емес, әлемнің үздік ұстазы. Ол Global Teacher Prize 2021 әлемдік мұғалімдер рейтінгісі бойынша үздік 50 мұғалімнің қатарына кірді. Жаһандық "Әлем ұстазы" Global Teacher Prize Амбассадоры. Өзінің әлемдік дәрежесіне қарамастан Асхат Жұмабеков Семей қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінде физика пәнінің ұстазы.

Неге сіз мұғалім мамандығын таңдадыңыз?

Мұғалім болу - менің бала арманым. Осы мамандықты таңдауыма менің алғашқы ұстазым себепкер болды. Ол сыныптағы әр оқушының бабын тауып, сабақтарды да ерекшелеп, бір-бірінен өзгеше өткізетін. Оның оқушыны сабаққа баурап алатыны мені тамсандыратын. Сол кезде-ақ мен өзімді мұғалім ретінде көретінмін. Сабақ соңынан қалып, ұстазыма дәптерлер тексерісетінмін. Менің оқушылардың білімін бағалайтын өз журналым болатын, онда мұғалім екеуіміз бірге баға қоятынбыз. Ұстазымның осындай сабақ беру тәсілдері менің мұғалім болуыма әсер етті.

Неге физика пәнін таңдадым десеңіз, 11-сыныпта ҰБТ үшін бізге бір пәнді таңдау керек болатын. Сол жылы біздің мектепке жас маман келді. Ол бізге физиканың кез келген тақырыбын жеңіл түсіндіретін. Мен физиканы тез қабылдай бастадым. Біз лабораториялық жұмыстарды көп орындап, есеп шығаратынбыз.

Мен осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Өзім білім алған Семей Педагогикалық университетіндегі профессорлар да білімді әрі білікті болды. Олар менің бойымдағы зерттеуге деген бейімділігімді дамытуға өз үлестерін қосты.


Сұхбат - фото А. Жұмабековтің жеке мұрағатынан (2).jpg


Сіздің ұстаздар қандай әдіс-тәсілдерді қолданды? Бүгін сіз қандай тәсілдер қолданасыз?

Мен мектепте оқыған заманды тек оқушы тұрғысынан бағалай аламын. Ол кезде біз сабақтарды қайсысы қызықты, қайсысы жеңіл, қайсысы танымдық деп бөлетінбіз. Сол кездегі сабақ беру әдісі де дәстүрлі болатын. Сондықтан берген эмоционалды әсеріне қарай бас-тауыш сынып есімде көбірек сақталып қалды. Қазіргі заманда мұғалім көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Мысалы, мен өз сабақтарыма оқушыларды қызықтыру үшін түрлі стратегиялық амалдарға жүгінемін. Оқушының танымдық қызығушылығын ояту үшін мен проблемалық оқыту, flip classroom (бұл төңкерілген сабақ), Klil және Filа әдістемелерін қолданамын. Бұл әдіс-тәсілдер оқушыға тапсырманы зерттей отырып орындауға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыға нақты жауапты айтқызбай, ғалымдар сияқты саралап, сараптама жүргізетіндей ойландыру, өз тұжырымдамаларын құру арқылы жауапқа жету. Маған осындай тәсілдерді қолданған ұнайды, себебі бұл оқушының сараптамалық көзқарасын қалыптастырады. Менің сабағымда практикалық жұмыстар көп болады. Себебі сонда ғана оқушы теория жүзінде айтылған ақпартты іс жүзінде орындап көре алады. Мен әр сабағыма үлкен жауапкершілікпен қараймын, әр сабағымды жоспарлаймын, өзім немесе әріптестеріммен сабақтың жоспарын талқылаймын.


Мұғалім мамандығында ең қиыны не?

Мұғалім мамандығындағы ең қиыны - бұл дамып отыруға деген қажеттілік. Мұғалім қашанда өзінің білімі мен біліктілігін шыңдап отыруы керек. Бұл оңай емес, ол үшін шыдамдылық, алға қойған мақсатыңа ұмтылу керек. Өзін жеке тұлға ретінде дамыту керек. Замануи мұғалім дамымаса, тоқырауға ұшырайды. Ол 21-ғасырдың көшбасшыларын тәрбиелеуге қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыра алмай қалады. Егер мұғалім даму жолын таңдамаса, ол заман талаптарын, трендтерін, өзгерістерін меңгере алмайды, сол арқылы оның шәкірттері де артта қалып қалады.

Тағы бір қиын нәрсе - оқушылармен бір деңгейде болу. Оқушыларға толерантты болып, сыйластықпен қарау маңызды. Себебі оқушыға деген махаббатың, сыйластығың болмаса, мұғалім болу мүмкін емес.


Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуы қаншалықты тиімді?

- Бүгінгі күннің ұстазы үнемі ізденіс үсінде болуы керек. Оқушылардың алдарында емтихандар, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен сынақтар тұрады. Мұғалім оқушысы сол сынақтан сүрінбей өтуі үшін, межелеген мақсаттарына жетуі үшін алдын ала қамдану керек. Мұғалім білім саласындағы барлық жаңалықтардан хабардар боуы керек. Әсіресе педагогика мен психологияның дамуын зерттейтін ғалымдардың мақалаларын оқып, мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын, туындаған келіспеушіліктерді шешуді үйренуі керек.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары, стажировкалары мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, әр түрлі жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйренуге, оқыту мен білім берудегі жаңашылдықтарды білуге көмектеседі.


Биылдан бастап мектепке мұғалім болып орналасқысы келген түлек тест тапсырып барып жұмысқа алынатын болады. Сіз мұндай жаңашылдыққа қалай қарайсыз?

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі мұндай әдісті енгізуге мектептегі мұғалімдермен болған кері байланыстың нәтижесінде келіп отыр деп ойлаймын. Бұл мұғалімнің кәсіби дамуы үшін өте қажет. Себебі бүгінгі күннің өзекті мәселесі де осы - мұғалімдердің үнемі ізденісте болуы. Мұғалім бір орында тұмауы керек. Бұл әдіс жақсы мұғалімдерді іріктеуге көмектеседі. Мен өзім 10 жыл бұрын Семей қалалық Назарбаев интеллектуалды мектебіне жұмысқа орналасар алдында тест тапсырдым. Сондықтан оң нәтижелер әкеледі деп сенемін.


"Global Тeacher Рrize" премиясы туралы қалай білдіңіз? Қалай қатыстыңыз? Нәтижесі қандай болды?

Әлемнің үздік ұстаздарының қатарына қосылу үшін мен көптеген жылдар бойы талмай еңбектендім. 2017 жылы мен NІS мектебінің 20 филиалының арасындағы ұстаздар байқауына дайындала бастадым. Бұл Назарбаев интеллектуалды мектептерінің үздік ұстаздарын анықтауға арналған байқау. 2018 жылы барлық филиалдардың ішінен үздік атандым. Кейін маған ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізетін республикалық байқауға қатысу ұсынылды. 2018 жылдың соңында мен "Жылдың үздік педагогы" атандым да, осы жеңіспен тоқтап қалмай, алға қарай ұмтылғым келді. Ол кезде "Global Тeacher Рrize" премиясы туралы Қазақстанда көбі біле бермейтін. Менің жүлделі жеңістерімнен соң оқушыларым маған осы конкурс туралы айтып, бақ сынап көруімді ұсынды. Менің көп оқушым республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі оралатын, сондықтан өзімді көрсететін нәтижерлер жеткілікті еді. Мен біздің елде де жеңімпаздарды дайындайтын мұғалімдер ғана емес, әлемнің үздік университеттеріне грантқа түсе алатындай оқушыларды дайындап жатқан, үнемі дамуды көздейтін ұстаздардың барын көрсеткім келді. 2019 жылы біздің елде "Қазақстанның үздік мұғалімі" деген премия ұйымдастырылды. Мен осы премияның наминанты атандым. Осыдан кейін 2 жыл көлемінде "Global Тeacher Рrize" байқауына өтінішімді дайындадым, өтінішім қабылданды. Мен әлемнің үздік 50 мұғалімнің қатарына қосылдым. "Global Тeacher Рrize" менің 10 жылдық еңбегімнің жемісі. Себебі 10 жыл бойы әр күнімді оқушыларға сапалы білім беруге арнадым.

Әлемдік байқаудың нәтижесі бойынша мен "Global Тeacher Рrize" премиясының Амбассадоры атандым. Енді осы премияның келбеті болып табыламын.

Менің алдағы мақсатым - ауыл-аймақтағы мұғалімдерге жәрдемдесіп, олардың тәжірибелері мен біліктіліктерін шыңдауға көмектесу. Біздің мұғалімдерге шетелдің мұғалімдерімен кері байланыс ұйымдастыруға қол ұшын созғым келеді.


Сұхбат - фото А. Жұмабековтің жеке мұрағатынан (4).jpg


Шетелдердегі білім беру мен Қазақстандағы білім беру жүйесінде қандай айырмашылықтар бар?

Мен болашақ бағдарламасы аясында Финляндия елінде ғылыми тәжірибеден өттім. Олардың білім сапасы әлем бойынша өте жоғары. 2016 жылы "Білім саласындағы басқару" мамандығындағы бойынша стажировкамды аяқтап, фин мектептерінде білім беру мүмкіндігін алдым. Ұстаздарым маған сеніп, үлкен тәжірибелік алаңды ұсынды. Біздің топтан мен жалғыз болып Финляндияның аулдық, қалалық мектептерінде, университетінде және IB мектептерінде сабақ бердім. Бірақ елдердің білім сапасын салыстыру орынсыз деп ойлаймын. Себебі әр елдің оқыту жүйесі сол елдің мәдениетіне, әлеуметтік құндылықтарына байланысты қалыптасады. Ал білім саласындағы трендтеріне, оқыту жүйесіндегі әдіс-тәсілдеріне келетін болсақ, Финляндия мектептері практикалық тапсырмаларға көп мән береді, сәйкесінше, олардың мектептернің материалдық-техникалық базасы толықтай қамтылған. Мысалы, егер біз жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептерді алсақ, оларда зертханалық жұмыстар көп жасалады. Бізге осы тәжірибелік тұсты дамыту керек деп ойлаймын.

Сіз оқыған шет елдерде мұғалімнің статусы қандай? Бізде ше?

Финляндиядан бөлек, мен Сингапурда қысқа мерзімді тәжірибеден өттім. Бұл елдерде мұғалімдердің мәртебесі өте жоғары. Ол мұғалімдерді қолдауға, оларды дамытуға үлкен мән береді. Бұл мұғалімнің оң имиджін қалыптастырады. Біздің елде де ұстаздардың мәртебесін көтеру үшін көп жұмыстар жасалып жатыр. Жалақылар көтерілуде, мектептер қажетті құралдармен қамтылуда. Мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне мән беру керек, себебі олар біздің болашақ ұрпағымыздың қалыптасуына тікелей әсер етеді.


Следующая →