Алғабас ауылындағы су құбыры желісі әбден тозған
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов шаһардан 346 шақырым жерде орналасқан, 900-ге жуық халқы бар Алғабас ауылының тұрғындарымен кездесті
Алғабас ауылында биыл жалпы сомасы 167 миллион теңгеге жұмыстар жоспарланған. Мәселен, жергілікті клуб күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол бұрынғы интернаттың 2 қабатты ғимаратында орналасқан, 2007 жылдан бас-тап жұмыс істейді.
Сонымен қатар, өткен жылдың күзінде тұрғындар баспанаға мұқтаж ауыл тұрғындарына үй салуға көмек көрсетуді сұрады. Бұл мәселе осы жылға арналған бюджетте қарастырылып, екі отбасы үшін тұрғын үй салуға 32 миллион теңге бөлінді, - деп атап өтті Бақытжан Кәкенқажыұлы. - Тағы бір жоба алыс ауылда жүзеге асырылады: балалар, спорт алаңын, сондай-ақ, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату.
"Қайнар - Алғабас" ауылдары арасындағы электр беру желілерінде қуаттың жетіспеушілігіне, сондай-ақ, электр беру желісінің материалдық тозуына байланысты мұнда округ бойынша электр энергиясының ажыратылуы жиі орын алады. Бұл мәселе энергетиктердің бақылауында.
Округте ұзындығы 7,5 шақырым 11 құдық су құбыры желісі бар. Бірақ судың сапасының жағдайы мәз емес, - екенін атап өтті Семей қаласының әкімі. - Кентішілік су құбыры желісі 1974 жылы пайдалануға берілді, материалдық тозуына байланысты құбыр желісі жиі бұзылады. Қазіргі таңда жаңа су құбырының құрылысы үшін 625 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Ол қазір сараптамада. Сараптама нәтижелері сәуір айының соңында дайын болады деп күтілуде.
Есеп беру кездесуінде тұрғындар аудандағы экологиялық жағдайға алаңдаушылықтарын білдірген. "Берікқара" кен орнында "Арс Минералс" компаниясы алтын өндіру жұмыстарын бастады. Осы орайда тұрғындарда "Алтын өндіру барысында сілтілі-қышқыл әдісін пайдаланған кезде қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына зиян келмей ме?" деген заңды сұрақ туындайды. Олар әкімнен зерттеу жүргізу үшін экологтарды жіберуді сұрады.
Мен өзім арнайы комиссия құрамымен және тұрғындармен бірге кен орнына келемін. Біз барлық қажетті зерттеулерді жүргіземіз. Егер заң бұзушылықтар анықталса, әрине, біз барлық талаптарды қоямыз және компания заңнамаға сәйкес жауап береді, - деді Бақытжан Байахметов.