Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кадет сыныбымен өткен ерлік сабағы

Аягөз қаласындағы № 6 мектептің кадет сыныбының оқушылары Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Кадет сыныбымен өткен ерлік сабағы
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Басқосуға запастағы әскери қызметшілер Рымбек Бейсеков, Қайырбек Каникенов, Нұржан Нұржауов, Жанат Марденғалиев, Милат Нүрпейісов және гарнизондағы танкистер бөлімінің үздік спортшылары қатысты.

Жиында ардагерлер ер азаматтың парызы саналатын Отан қорғаушы мамандығының артықшылығы жөнінде әңгіме өрбітті. Болашақ сарбаздарды елінің патриоты болуға шақырды.

Ерлік сабағының мақсаты жеткіншектерге әскери-патриоттық тәрбие беру. Жастар – біздің болашағымыз. Оларға дұрыс тәрбие, білім беру, мамандыққа баулу, төзімділік пен шыдамдылыққа, оптимизмге баулу – аға ұрпақ өкілдерінің парызы. Бұл іске Қарулы күштердің ардагерлері лайықты үлес қосып келеді, – деді жас сарбаздар сыныбының жетекшісі, Ауған соғысының ардагері запастағы майор Рымбек Бейсеков.

Танкистер құрамасының спортшылары 3-сыныпты сержанттар Сұңқар Қуанышев пен Александр Масяев оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті. Әскери спортшылар басынан кешкен қызықты оқиғаларын бөлісіп, мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін айтты.

Еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу қашанда басты міндеттердің бірі болып қала бермек.


Следующая →