ШҚО-да шетелдіктерді тексеру жалғасуда
"Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері базарларға, сауда үйлері мен қызмет көрсету объектілеріне тексеру жүргізеді
Өскемендегі тәртіп сақшылары шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Мәселен, Өзбекстан Республикасының алты азаматы әкімшілік ғимаратты жөндеу бойынша еңбек қызметін рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырды.
Өскемен қаласының сотымен олар ҚР ӘҚБтК-нің 517 - бабы 5-бөлігі бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін ғимарат иесіне 100 АЕК айыппұл салынады.
ШҚО ЖПҚ көші-қон қызметі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарға тиісті рұқсат ресімделуі қажет екенін еске салады.
Айта кетейік, "Мигрант" жедел алдын алу шарасы 17 наурызға дейін жалғасады.