Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Енді жүргізуші куәлігін аларда биометриялық жүйе қолданылады

Өскемен және Семейде теориялық емтиханын тапсыру кезінде мамандандырылған ХҚО-та биометриялық жүйе пайдаланылатын болады

Усть-Каменогорск и ВКО /  Енді жүргізуші куәлігін аларда биометриялық жүйе қолданылады

Енді Өскемен және Семей мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру кезінде биометриялық жүйе пайдаланылатын болады. Яғни, адам беп-әлпеті танылатын болады. Бұл қандай да бір алаяқтық әрекеттердің алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Руслан Кибке.

Теориялық емтихан басталғанға дейін үміткер жеке басын сәйкестендіруден өтеді, онда фотосуреті жеке куәліктегі фотосуретпен салыстырылады.

Емтихан тапсыру кезеңінде жүйе тағы бірнеше рет тексеру үшін автоматты сәйкестендіруді жүргізеді. Мұның бәрі емтиханды тапсырудың барлық процесін бақылауға мүмкіндік береді, мұнда үшінші тұлғалардың емтихан тапсыруға мүлдем мүмкіндігі жоқ, - деп толықтырды ведомстводағылар.

Жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер екі емтихан тапсыруы керек: теориялық және практикалық. Теориялық 40 сұрақтан тұрады; оны тапсыру үшін кем дегенде 32-сі дұрыс болуы қажет. Практикалық емтихан автодромда 12 тапсырмадан тұрады. Әркімнің емтиханды 3 ретке дейін тапсыруға мүмкіндігі бар. Егер үш әрекеттен емтихан тапсыра алмаса, келесі жолы соңғы емтихан күнінен бастап 6 айдан кейін тапсыруға тура келеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері 932 адам алғаш рет жүргізуші куәлігін алды.

Следующая →