Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокое ауданының жас садақшылары республикалық турнирде үздіктердің қатарынан көрінді

6 наурыз күні Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті. Облысымыздың намысын қорғаған садақшылар 150 баланың ішінен топ жарып, үздік садақшылардың қатарынан көрінді

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое ауданының жас садақшылары республикалық турнирде үздіктердің қатарынан көрінді

Садақшылар жас айырмашылықтарына қарай 4 санатқа бөлініп жарысты. 13-15 жас аралығында Алиса Мирзянова бас жүлде мен 1-орынды иеленсе, 10-12 жас арасында жамбы ату нысанасы бойынша Біржан Айтқалиев 2-орынды, 13-15 жас аралығында жамбы ату нысанасы бойынша Ульяна Шалухина 2-орынды алды, 10-12 жас аралығында пұт нысанасы бойынша садақ атқан Елизавета Давыдова 1-орынды иеленді, 10-12 жас аралығында пұт нысанасына тигізу бойынша Расул Бахетканов 3-орынға ие болды.

Дәрежесі бойынша гран при, жамбы, пұт және фита нысаналары болып бөлінеді. Әр бала үш нысанаға атып өз бақтарын сынады. Үш нысана бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен Алиса Мирзянова өз жас аралығындағы 40 шақты қыздардың бәрінен озып шықты, финалда жамбы нысанасына берліген 5 оқтан үшеуін дөп тигізді, - деп атап өтті Ажар Рахметқызы. - Әрине садақ ату оңай спорт емес. Нысана көздеп, діттеген жеріңе жеткізе білу аса шеберлікті талап етеді. Сондықтан садақ ату өнерін жастар бойына тереңірек сіңірсем, қанмен келген қасиетті жаңғыртып, жігерін жанысам, әр жастың бойында дәстүрге құрмет пен өмірлік қайсарлықты қалыптастырсам деген асыл арманым бар.


dd3ea83e-9220-40a4-89c9-2bbebaa927a7.jpg

Республикалық садақ ату турнирінде тек Глубокое ауданының ғана емес, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап барған садақшылар үздік ондықтың ішіне кірді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Жарыс Садақ ату