ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы өңірге жас мамандарды тартуда
Аймақтың медициналық ұйымдарын мамандармен қамтамасыз ету ведомствоның басым бағыттағы жұмыстарының бірі болып табылады
Бүгін Шығыс Қазақстанның көптеген белді мамандарын дайындауда альма-матер болған еліміздегі ірі білім беру ошағы Семей медициналық университетінде дәстүрлі түрде ағымдағы 2022 оқу жылының интернатура түлектерімен жұмыс берушілер кездесті. Кездесуге келген 20-дан астам бас дәрігер жас мамандарды өз ұйымдарына жұмысқа шақырды.
Медициналық мекеме басшылары өз вакансиялары, мекеме тірлігінен, болашақ жоспарлары жайлы бөлісе отырды.
Атап өту керек, өткен жылы аймақтың аурухана және емханаларға еңбек етуге 142 жас маман тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. - Тағы бір маңызды жайт, ол ауыл және аудандық жерлерге еңбек етуге барған жастарды материалдық қолдау, баспанамен қамту жағы да айтарлықтай орындалуда. Өткен жылы аудандарға барған 42 жас маман пәтермен қамтамасыз етілді.
Ал ағымдағы, яғни 2022 жылға Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 184 маманға сұраным жасалды. Олардың ішінде 16 офтальмолог, 41 маман анестезиология және реаниматология саласына, кардиологияға – 10, акушерлік-гинекологияға – 18 маман тарту көзделген.