ШҚО-да қар құрсауына түскен саяхатшыларға құтқарушылар көмектесті
Ұлан ауданында Каменское көліне жақын жерде балалары бар бірнеше адам көлікте тұрып қалды
Каменское көлінен алты шақырым жерде Новая Канайка ауылында алты адам, оның ішінде екі бала тұрып қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Құтқарушылар көмек келіп, "Мazda" көлігін трассаға шығарды. Осыдан кейін азаматтар қозғалысты өз бетімен жалғастырды.
Дауылды ескерту кезінде және қолайсыз ауа райында елді мекенерден шықпағаны жөн. Ауа райы жайлы "Дәрмен" мобильді қосымшасынан біле аласыз. Құтқарушылардың ескертулерін ескермеу және тәуекел етпеу керек, - деп еске салды ШҚО ТЖД.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.