Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жігері жеңіске жетелеген ару

Қарулы күштер қатарында өзіне жүктелген жауынгерлік міндетті адал орындап, әскери мамандықтың ыстығына күйіп, суығына төзіп, темірдей тәртібіне көніп жүрген арулар аз емес. Солардың бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз ефрейтор Сәлима Құлжанбекова

Усть-Каменогорск и ВКО / Жігері жеңіске жетелеген ару
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Сәлиманың өз өмірін әскери саламен байланыстырғанына алты жылдың жүзі болыпты. Аягөз қаласында туып-өскен қыздың әскери өмірді таңдауы сұрақ тудырмаса керек. Қаршадайынан қалашықтағы сарбаздар мен жауынерлік техникаларды көріп өсті. Кішкентай күнінде әскери киімдегі қыз-келіншектерге қызыға қарайтын. Содан болар Сәлима гарнизондағы танкистер бөлімінің табалдырығын именбей аттады. Бүгінде құраманың артиллериялық дивизионында батареяның аға маманы, аға радиотелефонист болып, келісімшарт бойынша қызмет етеді.

вн.jpg

Бала күнімнен әскери адам болуды армандадым. Жан-дүнием соны қалады. Бұл маңызды қадамды барлық жауапкершілікті сезініп, саналы түрде жасадым. Әскери қызметтің қиындығы ер мен әйелге бірдей. Өзін әскер қатарынан көргісі келетін құрбыларым осы жауапкершілікті түсіне білуі керек. Қалғаны тәжірибе мен қажырлы еңбекпен келеді, - дейді Сәлима Ғайсақызы.

Құрамадағылар Сәлиманы «құралайды көзге атқан мерген» қыз деп атайды. Бұл негізсіз берілген баға емес. 2016-2017 жылдары Семей қаласында өткен «Калашников» автоматынынан ату сайысында екі жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. 2019 жылы Семей гарнизонында өткен әскери үш сайыста І орынды бағындырды. Өткен жылы Үшаралда өткен әскериленген кросс жарысында жүлделі ІІІ орыннан көрінді.

Кейіпкеріміз – шаңырақта отбасының ұйытқысы. Екі қыздың анасы. Қызметте де, отбасында да қажыр-қайраты мен жігерін қамшылап отырады. Өйткені Сәлима да жігердің жеңіске жетелейтінін біліп өскен.

вн1.jpg

Әскери өмірдің қиыншылығы мен темірдей тәртібіне төзіп, ер азаматтармен тең дәрежеде қызмет атқара білген Құлжанбекова жайлы әріптестері де үнемі жақсы пікір айтады. Бұған құрама командирінің орынбасары майор Бақытжан Серәлиевтің мына сөзі куә:

Сәлиманың тәртібі мен жүктелген міндеттерді орындаудағы жауакершілігі көпке үлгі. Жауынгерлік даярлық сабақтарында өзін жоғары деңгейден көрсетіп келеді. Осындай қайсар қыздар Қарулы күштер қатарында қызмет атқаратынын мақтан етеміз.

Біздің бұл секілді игі тілекке алып-қосарымыз жоқ. Сәлимаға әскери қызметте сәттілік тілеп, алар асуларың көп болсын дегіміз келеді. Иә, жігер әрдайым жеңіске жетелейді.



Следующая →