Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Облысымыздың 3 000 тұрғыны Елбасы медалін алды

"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бұл бағдарлама аясында облысымыздың 3 мыңнан астам жастары еліміздегі ең ауқымды челленджге қосылып алтын, күміс және қола медальдарға ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО /  Облысымыздың 3 000 тұрғыны Елбасы медалін алды

"Елбасы медалінің" бір ерекшелігі оған қаланың да, ауылдың да баласы теңдей мүмкіндіктермен қатыса алады. Ол жерде сенің білім деңгейің, біліктілігің маңызды емес. Бұл челлендж аясында қатысушы адам тұлға ретінде дамиды. Жоба аясында қатысушының ой-өрісі кеңейіп, жаңа әдеттер қалыптасып, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы өзгереді.

Челлендж көшбасшыларды дайындайды

2020 жылы басталған челленджге еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастар мен талапты оқушылар қатысуда. 2021 жылы облысымыз бойынша 1860 адам елдегі ең ауқымды жобаға қатысты.

"Елбасы медалі" бағдарламасын "El Umiti" бастамасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры және "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры жүзеге асыруда.

Айта кету керек, бағдарламада үш деңгей қарастырылған: қола, күміс және алтын. Қатысушы барлық деңгейлерден біртіндеп өте алады немесе жасына сәйкес бірден жоғары деңгейге тіркеле алады. Қола - 14 жастан асқан қатысушылар үшін (ұзақтығы 6 ай), күміс - 15 жастан асқан қатысушылар үшін (ұзақтығы 12 ай), Алтын - 16 жастан асқан қатысушылар үшін (ұзақтығы 18 ай).

Даму - фотоны Р. Қабдуалиев ұсынды (1).jpg


Жетекшілер жетелейді

"Елбасы медалі" жобасының мақсаты - әрбір қатысушының жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан, білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен таланттарын ашуға жағдай жасау. Бағдарлама әр қатысушы өз кәсібін таба алатындай, өзін-өзі жоғары бағалап, өз саласында ең үздік, көшбасшы бола алатын, тәуелсіз тұлға болып, білгенін басқалармен бөлісе алатындай құрылған.

"Елбасы медалі" жобасы аясында әр өңірдегі қатысушыларға бағыт-бағдар көрсетіп, ақыл-кеңесімен бөлісетін жетекшілер болады. Солардың бірі Рамиль Кабдуалиев. Ол біздің өңірде республикалық челлендж басталғалы болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге белсене атсалысуда.

Менің жұмысым жас балалардың өздігінен дамуына көмектесу, оларға тәлімгерлік ету. Мен балаларға өздерінің таңдаған бағыттары бойынша кеңес беремін, өзін-өзі дамыту жоспарын қалай құруға болатынын үйретемін. Балалармен бірге мақсат қойып, оларға сол мақсатқа сатылап жетуге көмектесемін. Объективті және тиімді кері байланысты қамтамасыз етемін. Сондай-ақ, балалардың көшбасшылық қасиеттерін оятып, ай сайын олармен біздің кеңседе кездесулер, шеберлік сағаттарын өткіземін, - дейді ШҚО бойынша жоба тәлімгерлерінің бірі Рамиль Кабдуалиев.

Аталмыш жобаның ең әуелгі пайдасы - тұлғалық даму. Осы уақытқа дейін жобаға қатысқан белсенді жастардың кейбірі өздерін кәсіпкер ретінде дамыта бастаған екен.

Жаңа дағдыларды үйренген талай қатысушымыз бар. Мысалы, қатысушылардың бірі графикалық сурет салуды кәсіби түрде меңгеріп, өз жұмыстарын сатып жүр. Белоусовка кентінің тұрғыны Аружан Айымханова "Елбасы медалі" жобасы аясында ойыншықтар тоқып үйреніп, қазір оларды сатуда. Ал 3D/2D модельдеумен айналысқан Уваров ауылының тұрғыны Артур Павловтың жұмысы жоба комиссиясына қатты ұнағаны сонша, олар Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы видеограф жіберіп, ол туралы ролик түсірді. Сондықтан жобаға қатысудың ең басты артықшылығы - бұл өз әлеуеті мен таланттарын ашу, - деп қосты Рамиль Кабдуалиев.

Рамиль мырза 3 жылдың ішінде 14-23 жас аралығындағы 126 қатысушыға тәлімгерік етті. Олардың жартысы, яғни, 62 қатысушы, жобаның соңына дейін жетіп, қола медальдарын алды.

Бүгінде менің жетекшілігімде болған қатысушылардың қанжығаларында жалпы салмағы 9 келі қола бар, - дейді тәлімгер Рамиль.

Қалған қатысушылар өздерінің қола, күміс және алтын медальдарын иелену үшін әлі де жанталасуда.

Қола медаль үшін жарысқа түсті

Аружан Айымханова 2021 жылдың мамыр айында қола медалін алу үшін өтініш жолдаған. Оның өтініші қабыл болып, еліміздің мыңдаған жас-
тарымен қола медаль үшін жарыса бастайды.

"Елбасы медалі" жобасына қатысатын әр үміткер 7 бағытта дамуы керек. Алайда әлемді жалмаған індетке байланысты "туристік саяхаттар" және "еңбек тәжірибесі" бағыттары алынып тасалды.

10-сыныпты бітіре сала мен Елбасының қола медалін иелену үшін сайт арқылы өтініш жолдадым, өтінішім қабыл болып, 6 ай бойы челленджге қатыстым, - дейді Аружан Айымханова.

Даму - фотоны Р. Қабдуалиев ұсынды (4).jpg

  • "Спорт және дене шынықтыру" бағыты салауатты өмір салтын қалыптастырады, физикалық және психикалық денсаулықты нығайтады, ерік-жігерді қалыптастыруға ықпал етеді. Үш ай бойы қатысушы аптасына кемінде 1 сағаттан спортпен айналысады.
  • "Дарын мен дағды" бағытында қатысушыларға өз бейімділігін табуға, өз дарыны мен қабілеттерін дамытуға, өзіне деген сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қатысушылар әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, үйірмелерге, курстарға, тренингтерге, практикумдарға бару арқылы таланттарды ашуға бағытталған тапсырмаларды орындайды, интеллектуалдық, шығармашылық, ғылыми-техникалық конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге, жарыстарға қатысады немесе өз бетінше айналысады.
  • "Кітап оқу" бағыты қатысушының ой-өрісін кеңейтеді, ойлануды үйретеді, дүниетанымды қалыптастырады, мейірімді, текті, қамқор болуға шақырады.
  • "Ұлттық мұра" бағыты ұрпақтар арасындағы бірегейлік пен байланысты нығайтады, ұлттық мәдениетпен, әдет-ғұрыптармен және дәстүрлермен таныстырады. Қатысушы ұлттық спорт түрлері, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер бойынша таланттар мен дағдыларды дамыту бойынша сабақтар өтеді немесе "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітапты қосымша оқиды.
  • "Еріктілік" бағыты эмоционалды интеллект пен "soft skills" дамытады, әлеуметтік байланысты нығайтады, патриоттық сезімді оятып, қоғам дамуына өз үлесін қосуға септігін тигізеді. Бағдарлама барысында қатысушы өз еркімен көмек көрсетіп, қоғамға қызмет етуге дайын болуы тиіс. Мұқтаж адамдарға, қоршаған ортаға және жануарларға қол ұшын созады.

Мен алғашқы үш айда спорт, кітап оқу және талант бағыттарын дамыттым. Кейінгі үш айда волонетерлік жұмыстармен айналыстым және ұлттық мұрамызды зерттедім. Жоба шарты бойынша әр істеген жұмысымның фотосы мен видеосын және эссе жазып тапсырып отырдым. Бұл апта сайын істелуге міндетті шарттар, - деді "Елбасы медалі" жобасына қатысушы Аружан.

Жобаға қатысу барысында Аружан эссені кемеліне жеткізіп жазуды үйренді. Кітап оқу арқылы фантастика жанры оған жақын екенін анықтады.

Аружан жобаға келіп, өзінің тоқу талантын дамытты. Ол жұмсақ ойыншықтар тоқиды. Жоба барысында ол орман жануарлары сияқты қарапайым ойыншықтардан бастап, қыздардың қуыршақтары сияқты күрделі ойыншықтарға дейін тоқып үйренді. Жобаға қатыса бастаған соң ол Instagram-да өз жұмыстарын жариялайтын парақша ашып, бірнеше жұмысын сатып үлгерді және жаңа тапсырыстар алып жатыр. Аружан өте ынталы қыз, өз тапсырмалары мен есептерін өте мұқият орындайды, - дейді жоба жетекшісі Рамиль Кабдуалиев.

Айта кету керек, көп жағдайда жобаға қатысушылар қола медалімен тоқтап қалмайды, олар күміс пен алтын медальдардың иесі атану үшін жобаны ары қарай жалғастырады.

Следующая →