ШҚО театры аудандарға гастрөлдік сапарға шықты
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жанынан құрылған Жастар театры карантиндік шектеулерге байланысты ұзақ үзілістен кейін гастрольдік сапарын жалғастырды
Ақпан айының аяғында театр әртістері өнер сапарымен Жарма ауданына барып, ары қарай Зайсан ауданына ат басын тіреді. Жастар театры қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Өмір-өзен" музыкалық қойылымын көрермен назарына ұсынды.
Ал 15-16 наурыз күндері орыс труппасы Риддер қаласына баратын болса, мамыр-сәуір айларында қазақ труппасының да гастрөлдік сапары жоспарланған. Алайда әзірге қай аудандарға шығары белгісіз.
15 наурызда Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледжінің шақыртуымен театр әртістері жас спортшыларға бірнеше халықаралық фестивальдерде ерекше аталып өткен «Играем Пушкина» спектаклін көрсетеді. Риддердегі гастрольдік сапардың екінші күнінде де, яғни 16 наурызда, кеншілер қаласының тұрғындары Пушкин прозасының сиқырлы әлеміне енеді. Сонымен қатар, театрды енді танып келе жатқан жас көрермендердің назарына ән, би, оқиғалар шиеленісі бір арнаға тоғысқан С. Михалковтың «Три поросёнка» ертегісі ұсынылады, - деп мәлімдеді театрдың баспасөз қызметі.