Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +32°
$
479.4
+2.25
522.93
+0.50
¥
67.05
+0.11
5.61
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да МӘМС жүйесі аясында екі сәтті ота жасалған

Семейлік нейрохирургтер үшкіл жүйке невралгиясы бар науқастарды емдеудің жаңа әдісін енгізді. 11 жыл бойы дерті дендеген науқасқа күрделі ота сәтті жасалды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да МӘМС жүйесі аясында екі сәтті ота жасалған
Фото:
ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінен

ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүгінде МӘМС жүйесі аясында алғашқы екі науқасқа сәтті ота жасалды. Оның бірі – 60 жастағы Жұпар Ысқақова.

Ауыр патологиядан машақат тартып кете жатқаныма 11 жыл болды. Өне-бойым ауырсынып, іштен күйіп жатқандай болады. Соның салдарынан жүріп-тұрудан қалдым. Тіпті дұрыс жуына алмай, тамақ та іше алмадым. Осыншама жыл бойы күлу дегеннің не екенін де ұмыттық, - дейді ол.

Ауруханадағы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Алтай Құлтумановтың айтуынша, бұл сырқат көбінесе 50-70 жастағы әйелдерде кездеседі.

Үшкіл жүйке невралгиясын емдеген кезде көбінесе басында ауырсынуды жеңілдету үшін дәрі-дәрмектер қолданылады. Алайда оның әсері қысқа мерзімді. Сол үшін ауруды хирургиялық жолмен емдеу қажет. Науқасқа ота сәтті жасалды. Енді біз енгізген жаңа технология осы дертке шалдыққан облыс тұрғындарына көмегін тигізеді деп үміттеміз, - дейді ол.

Қазір Жұпар Ысқақова өзін жақсы сезінеді. Зейнеткер өз сөзінде дәрігерлерге кәсіби шеберліктері үшін шынайы алғысын білдірді.

Осы жылдар бойы қайда барып ем іздемедім дейсіз. Отадан соң ауырсынулар басылып, өзімді сондай бақытты сезініп тұрмын. Барлығы тегін болып, еш шығын шығармадым. Ақ халатты абзал жандарға ризамын! - дейді зейнеткер.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО МӘМС ӘМСҚ