ШҚО Әділет департаменті енді әлеуметтік желіде
"Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің парақшасы пайда болды
Бұл халықтың әділет органымен байланысын жандандыра түспек.
Елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты шеңберінде және сапалы орындау және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында "Instagram" (departament_justicii_vko) және "Facebook" (vkodepjust) әлеуметтік желілерінде ШҚО Әділет департаментінің парақшалары ашылды, - деп мәлімдеді ШҚО Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі. - Осы бейіндерде қызмет бағыттары бойынша түсіндірмелер және өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат жарияланады. Сонымен қатар, туындаған мәселелерді жедел шешу үшін азаматтар мемлекеттік органға жеке өзі барып қана қоймай, әлеуметтік желілердің профильдеріне (беттеріне) жаза алады.