Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгінгі күні тайға мінетін қазақтың баласын табу қиын

Қазақ ықылым заманнан тұлпарды құлынынан таныған атқұмар халық. Кешегі Сағынайдың асында құлагері оза шапқан Ақандардың жолын жалғап жүрген жас атбегілер бүгін де бар арамызда

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгінгі күні тайға мінетін қазақтың баласын табу қиын

Әлемді ғаламтор мен жаны жоқ темір техника билеп тұрған қазіргі заманда ат мінген азаматты көру, тіпті, таңсық дүниеге айналды. Ал енді ата дәстүрді жандандырып, тұлпарларын түлетіп жүрген атбегілер тіптен саусақпен санарлық. Өскеменннің іргесінде заманауи атқорасын жасақтап, жиырмадан астам тұлпарды дүбірлі додаға
дайындап отырған атбегілердің бірі - Айбол Бошаев. Жолымыз түсіп Айболдың атқорасына барып, тұлпарлардың жай-күйін көріп, бәйгеге дайындықтарын бақылап қайттық.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Біржан ауылының тумасы Айбол жас та болса үлкен істі бастап, төл өнерді жанына серік етіп жүрген азамат. Отбасылы, төрт баласын тәрбиелеп, бойларына ұлттық құндылық пен қазақи тәрбиені құйып отырған отағасы. Ат жалын тартып мінгелі асау үйретіп, бәйгеге шауып өскен ауыл баласы. 2003 жылдан бері өзі бапкерлікке бет бұрып, таза қанды ағылшын, араб жылқыларын бәйгеге жарата бастаған. Айболдың атқорасындағы сәйгүліктердің бағасы темір тұлпар бағасымен тең екен. Болашағынан үміт күткен, келешекте сәйгүлік болар тайларды кемінде 1 миллион теңгеден сатып алған. Қазақстанға атағы кеңге жайылған, кезінде талай темір тұлпар ұтқан МалибуМикс атты торы айғырды, тіпті, 4 миллион теңгеге сатып алған екен. Жеті атасынан бері бойына дарыған атбегілік өнерге мықтап бет бұрған кейіпкеріміз бүгінде жылқы малына қызығатын жастардың аздығына налиды.

Төл өнер - фото автордікі (5).jpg

Бұл атбегілік өнер жеті атамыздан бері қанымызға сіңген өнер ғой. Мен сол аталарымның жолын жалғап келе жатырмын. Әкеміз 12 ағайынды. Қазір бауырларым шамаларына қарай тай алып жаратып, бәйгеге қосып, осы өнерге қызығушылық танытып жатыр. Ал енді шабандоз табу біраз қиыншылықтар тудырады. Қалалы жерді қойып, ауылдан қазір тай мінетін бала табу қиын болып кетті ғой,- дейді Айбол Бошаев.

"Балаларым жемеген витаминді аттарым жейді"

Сөз арасында атбегі "Балаларым жемеген витаминді аттарым жейді" деп қалжың-шыны аралас әзіл айтты. Шынымен бәйге аттарына ерекше күтім қажет екенін көзімізбен көрдік. Күнделікті жем-шөбінен өзге, аттардың денсаулығының мықты болуы үшін небір дәрумендер беріледі екен. Сылап-сипап үстілерін тазалап, сәбіз, алма, бал беру күнделікті үрдіс. Аттың ағзасына қажетті дәрумендердің көбін шетелден Ресей, Польша елдерінен сатып алады екен. Қорадағы 20 тұлпардың тек витаминінің өзіне айына 300-400 мың теңге қаражат жұмсалатынын айтады атбегі.

Биылғы маусымға нақты бәйгеге қосамыз деп 11 сәйгүлік дайындап отырмыз. Соңғы жылдары өзіміздің топырақта туған қолтумалардың санын көбейтсем деп жақсы айғырлар алып келіп, солардан тұқым алып жатырмын. Биыл бәйгеге шабатын тұлпарларымыздың бәрі бұған дейін шаппаған жаңа аттар, - дейді атбегі.

Айбол Бошаев жылқы күтіміне қажетті 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жалақыларын төлеп отыр екен. Атты жаратуға қажетті бапкер маманды Қордайдан арнайы шақырыпты. Алматы, Тараз қалаларынан келген білікті жас бапкерлер тағы бар. "Жалпы бәйге аттарын ұстау табыс көзі ме, әлде жан қалауы ма?" деген сауалымызға Айбол Бошаев "хоббиім осы" деп жауап берді.

Ат баптау жыл бойы үзілмейтін үрдіс

Айбол Бошаевтың атқорасындағы бас бапкер Базархан Ырымбаевтың айтуынша, тұлпарды бәйгеге дайындау үшін жылдар бойы еңбек ету керек. Міне салып бәйгеге қосып жіберуге келмейді. "Кілтін бұрап тамызып, теуіп кететін темір емес" дейді бапкер. Саналы ғұмырын сәйгүлік баптаумен өткізіп келе жатқан сейіс бүгінде тұлпардың қас-қабағына қарап олардың тілін түсінеді. Жылқы малы тілі жоқ демесең, адамнан бетер есті хайуан. Өзіне керегін қабағымен, мінезімен жеткізеді.

Төл өнер - фото автордікі (8).jpg

Жалпы бір атты бабына келтіру үшін жылдар бойы еңбектену керек. Бабы келіспеген аттың бағы жанбайды. "Бап шаба ма, бақ шаба ма" деп қазақ тегін айтпаған ғой. Атты алдымен күзден бастап күтімге қойып, жілік майын толтырамыз. Әбден семірді-ау дегенде қыс ортасына қарай міне бастаймыз. Кейін желіс қосамыз. Ақырында терін алып, әбден бабына келтіріп бәйгеге қосамыз. Аттың сырын ұғу үшін тәулігіне 24 сағат осы тұлпарлардың жанында болу керек. Ат жаратқан кезде бір жері ауырсынса, бірден мінез-құлқына, қас-қабағына қарап ұғып аламыз, - дейді Базархан Ырымбаев.

Ат спортына мемлекет қолдауы қажет

Бүгінгі таңда облысымызда ат спорты кенжелеп тұрғаны жасырын емес. Еліміздің басқа өңірлерінде заманауи ипподромдар салынып, атқоралар ашылып жатса, Өскемендегі жалғыз атшабар жекенің қолына өтіп, қазіргі кезде ол жерде көпқабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұрын облыстық ат спорты мектебі болған, кейін қалалық ат спорты мектебіне айналған шаһардағы жалғыз мекеме көпқабатты үйлердің қалқасында қалып отыр. Атшабарынан айырылған мекеменің бүгінгі күні жылқы мініп, серуенге шығатын жерлері де жоқ. Бұл жағдайға мемлекет назар аударып, мәселені шешпесе, кенжелеп қалған ұлттық ат спортының қаламызда жанданбайтын түрі бар.

Түркімен елі өздерінің ақалтеке тұлпарларын сыртқа шығаруға Заңмен тыйым салып тастады. Ат спортын олар кәдімгідей субсидиялап, мемлекет бапкерлерге, шабандоздарға ақша төлеп отырады. Германия, Англия сынды әлемнің дамыған біршама елдерінде де жағдай солай. Біздің ел де атамыздан жалғасып келе жатқан ат спортын субсидиялап, көңіл бөлетін күнге жетті деп ойлаймын. Қаламыздағы жалғыз балалар ат спорты мектебінің жағдайын көрсең, тіптен жылағың келеді. Қаланың қақ ортасында қалды. Ана тар жерде ат ұстап, көкпар тартып, бәйгеге шаппақ түгілі мысық асырай алмайсың. Айналасының бәрі көпқабатты үйлер болып кетті. Ипподромның орнына үйлер салып жатыр тағы. Бұл мектепті қаланың сыртына көшіріп, атшабарын жасап жағдайын дұрыстаса... Қаланың балалары сонда барып атқа мініп тұрса, салтымыз жанданып, ата дәстүр жалғасатын еді, - дейді ат спортының жанашыры Төлеубек Сығаев.

Шынымен көнеден келе жатқан ат спортына мемлекет тарапынан қолдау табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан бекзат өнер тек қана биіктерден көрініп, дами берсін дейміз. Айбол Бошаевтай ат спортының шынайы жанашырлары барда қазақ елінің сәйгүліктері қашанда оза шауып, бәйге алады деген сеніміміз зор.


Следующая →