Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақжардағы ауруханаға доплер-УДЗ аппаратын сыйға тартты

"Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры" елімізде қаншама дертке шалдыққан балаларға көмек қолын созып, ауруларды емдеу, сауықтыру жұмысымен айналысатын денсаулық мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Ақжардағы ауруханаға доплер-УДЗ аппаратын сыйға тартты
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Жуырда осы қайырымдылық қорының өкілдері Ақсуаттағы аудандық орталық ауруханаға келіп, Доплер-УДЗ аппаратын сыйға тартты. Бұл 3D форматты аппараттың көмегімен ағзадағы қан айналымының дұрыстығын тексеріп, ықтимал инсульттің, қан ұю себептерін анықтауға, варикоз ауруын диагностикалауға болады. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев ауруханаға аса қажетті құрылғыны жеткізген "Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қорына" тұрғындар атынан рахметін айтып, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Ауруханаға сыйға беріліп жатқан УДЗ аппараты ауыл адамдарының жағдайын біршама жеңілдететін болды. Осы тұста "Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қорына" алғыс айта отырып, атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Әсіресе пандемия кезінде жоғары жауапкершіліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз ерекше сезілді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев.

Асқар Жәкулин 2001 жылы атақонысқа оралып, 2002 жылы "АС-Ай" компаниясын және "Минметалс Қазақстан" ЖШС құрып, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан. Өресі биік азамат халқын шексіз сүйіп, көптеген мұқтаж жандарға көмектескен меценат болған. 2016 жылы Асқар Жәкулин қайтыс болғаннан кейін жары Жайна Жәкулина "Асқар Жәкулин атындағы жеке қайырымдылық қорын" ашқан. Қордың алдына қойған басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік медициналық мекемелерді осы заманғы медициналық жабдықтармен өтеусіз негізде қамтамасыз ету. Сондай-ақ, онкологиялық дертпен ауыратын балаларға көмек көрсету және балалар емханаларына қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Қайырымдылық қоры аудандық ауруханаға бұған дейін де демеушілік көрсеткен. 2016 жылы құны 2 миллион 597 мың тұратын заман талабына сай гемолитикалық анализатор, оттегімен қамтамасыз ететін концентраторлар, 20 оттегі баллон, 12 каналдық электр кардиография аппаратын, қорғаныш киімдерін, бетперделер алып берген. Короновируспен күреске үлес қосып, Би Боранбай орта мектебіне 2020-2021 жылы (1 миллион 200 мың теңгеге) маска әкеліп, балаларға таратқан. Биыл Қызылкесік дәрігерлік емханасына кәріз жүйесін құрып, су құбырын тартып айтулы көмек жасаған.

Атам қазақ "жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат", "жақсының аты өлсе де хаты өлмейді" деп бекер айтпаған. Қор өкілдері, қазақ баласының ауруына ем, дертіне шипа табуына аянып қалмаймыз деп отыр.


Следующая →