ШҚО СЭБД балалар ертеңгілігіне кімдердің кіре алатынын айтты
Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шараларының әлсіреуіне қарамастан, басқарма санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салды
Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалардың ертеңгіліктерін қандай жағдайда өткізуге болатынын нақтылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алдағы мереке күндеріне байланысты балалар мен жасөспірімдер арасында коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуін, осы аурудың одан әрі таралу қаупінің болуын ескере отырып, 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес "мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) және топтар мен сыныптарды біріктіру іс-шараларын өткізуге тыйым салынады, - деп хабарлайды ШҚО СЭБД.
Осыған байланысты білім беру және тәрбиелеу объектілерінде мерекелік іс-шараларды өткізуге санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен осы қаулылардың талаптарын қатаң сақтай отырып, бір топ, бір сынып ішінде ғана жол беріледі.
Ата-аналар (заңды өкілдерді), келушілер бейтарап ("көк") немесе қауіпсіз ("жасыл") мәртебесі болған жағдайда "Ashyq" қосымшасы арқылы өткізіледі, - деп еске салады басқарма. - Респираторлық инфекция белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары) және "қызыл" мәртебесі бар адамдардың білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына кіруіне жол бермей, байланыссыз термометриясы бар "кіру" сүзгісі жүргізіледі.