ШҚО-да тәртіп сақшылары балықты заңсыз тасымалдаған ер адамды тоқтатты
Оның көлігін тексеру кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 20 килограмнан асатын екі сөмкені тапты
22 ақпанда ШҚО ЖПҚ патрульдік қызметінің инспекторлары "Алматы-Өскемен" республикалық тас жолында Катонқарағай ауданының 68 жастағы тұрғыны тізгіндеген Mercedes-Benz маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көлікті тексеру кезінде полиция екі қап балық тапты. Жалпы салмағы 20 келіден асты. Алайда балыққа қатысты тиісті құжаттар болған жоқ.
Белгілі болғандай, жүргізуші таныстарының өтініші бойынша балық аулап Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылынан Алматыға қарай бет алған. Алайда тиісті құжаттардың болу қажеттілігі туралы білмеген, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.