Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы Аягөз гарнизонын тексеруде

Әскерлерді инспекциялау 2022 жылғы 15 ақпан мен 6 наурызға жоспарланған. Осы аралықта комиссия мүшелері әскери құрамалар мен бөлімдердің басқармаларын, жауынгерлік және қамтамасыз ету бөлімшелерін тексерістен өткізеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы Аягөз гарнизонын тексеруде
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Инспекция барысында құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлығы, диверсияға қарсы қауіпсіздік жағдайы, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, материалдық базаның ахуалы және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы тексерілмек.

Әскерилер тактикалық, арнайы, атыс, мемлекетттік-құқықтық дайындық, дене шынықтыру және басқа да дайындық түрлерінен, сондай-ақ, ұрыс машиналары мен автомобиль техникасын жүргізуден, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанудан, әскери топографиядан сынақтар тапсыруды бастап кетті.

Әскери бөлімдердің қауіпсіздігі - күнделікті әскери өмірдің маңызды мәселелерінің бірі. Оның ішінде диверсияға қарсы қауіпсіздік жіті назарда. Инспекция барысында әскери мекемелердің диверсияға қарсы іс-қимылдарын тексеру де қамтылған.

Тексерістерден соң әр әскери құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі жеке-жеке бағаланатын болады.

Следующая →