Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үржардағы мал дәрігерлері Президенттен көмек сұрады

Үржар ауданы Мақаншы ауылының мал дәрігерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, көмек сұрады

Усть-Каменогорск и ВКО / Үржардағы мал дәрігерлері Президенттен көмек сұрады
Фото:
видеодан алынды

Олардың айтуынша, ауданның мал дәрігерлері 10 жылдан бері мардымды жалақы ала алмай, үкімет белгілеген әлеуметтік көмектен қағылып келеді. Сондай-ақ, өздері көтерген мәселені не ауданның, не облыстың әкімі шеше алмағандықтан, шешкенді былай қойып арыз-шағымдарына ден қойып қарамағандықтан амалсыз мемлекет басшысынан көмек сұрауға мәжбүр болса керек.

Өткен аптада Мақаншы ауылының және басқа да ауылдық округтердің 20 шақты мал дәрігері жиналып, бейнеүндеу түсіріп, оны facebook әлеуметтік желісіне жүктеді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз сізге Үржар ауданының мал дәрігерлері атынан үндеу жолдаймыз! Еститін үкіметке айтатын арыз-шағымымыз, өтініш-талабымыз бар. Үржар ауданы мал дәрігерлерінің жалақысы 12 ай үшін төленбейді. Келісімшарт 10 айға ғана арналып жасалады. Ал сол 10 ай еңбек өтіліне саналмайды екен. Еңбек демалысындағы ақымызды да бермейді. 2021 жылдың желтоқсан айында небары 80 000 теңге жалақының 40 000 теңгесін бермей алып қалды. Сонда біз немен күн көруіміз керек? Шыдап келе жатқанымызға 10 жыл болды. Қаңтар айында "жұмысқа шығыңдар" дейді. Ешқандай жағдай жасалмаса, еңбекақымызды толық өтемесе, біз несіне жұмысқа шығамыз?! - дейді жиналған белсенді ауыл тұрғындарының бірі.

Сондай-ақ, олар жылдың төрт мезгілінде де, жауын-шашынның, ыстық күннің астында, көктем мен күзде батпақ пен боқ кешіп жүріп жұмыс істейтін ветеринарларға жұмыстың денсаулығына тигізетін зардабы үшін (за вредность) де лайықты өтемақысы болу керек деген ұсыныс талабын білдірді.

Мақаншы ауылдық округінде 11 мал дәрігерлік, 4 вет-санитарлық маман жұмыс істейді. Бұл жерде 12 100 ірі қара, 17 899 ұсақ, 2 924 жылқы бар. 70-ке жуық мал шаруашылықтары бар. Маманның тапшылығына байланысты тағы бірнеше жұмыс орнын, мал дәрігері штатын ашып беруіңізді сұраймыз. Олай болмаған жағдайда мал дәрігерлерінің жалақысын өсіруді талап етеміз. Жол-көлік, жанармай мәселесі шешілмегендігі өз алдына, вет-санитарлық мекемелер қан сақтайтын тоңазытқыш, екпе, дәрі-дәрмек, арнайы ветеринарлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмегендіктен, алынған қанды, дәрі-дәрмек пен қажетті заттарды үйімізде сақтауға мәжбүрміз. Қағазбасты жұмысымыз өте көп, сондықтан құжат жұмыстары электронды нұсқаға көшірілсе жақсы болар еді, - дейді үндеу жолдаған ветеринарлардың бірі.

Иә, қағазбастылық деген мәселе ауылдағы кәсіптің барлық саласынан толық арылмай келе жатқан шаруа болып тұр. Ғаламтор желісі тұрмақ ұялы байланыс әрең ұстайтын ауылдарға электронды жұмыс істеуге көшу - әзірге арман болып қала тұрар.

Десе де аудан әкімшілігі үнсіз қалмай, әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаның астына пікір қалдырды.

Бейнеүндеуде айтылған мәселе бойынша ветеринарлық дәрігерлермен аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов, аудан прокуроры, "Үржар вет" мекемесінің директоры Ә. Абайбеков арнайы кездесіп, тиісті түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Ветеринарлық дәрігерлер тікелей бағынатын уәкілетті орган - облыстық ветеринарлық басқармасының басшысы Рамиль Сағындықовтың атына жазбаша өтініштерін жазып, басқармаға жіберді. Атап өтетін жағдай, ветеринарлық дәрігерлер осы басқарма тарапынан қаржыландырылады. Алдағы күндері басқарма басшысы арнайы келіп, өтініш иелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Өтініш иелеріне қолданыстағы заңға сәйкес облыстық басқарма тарапынан жауабы берілетін болады, - депті Үржар ауданының әкімдігіндегілер.

Аудан әкімдігінің пікіріне ветеринария басқармасы да жалма-жан жауап қатыпты.

Шығыс Қазақстан облысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ШҚО ветеринариясын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды облыстың қарамағына берген сәттен бастап ветеринария саласын қаржыландыру 1,9 млрд теңгеден 2,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде ветеринариялық қызметкерлердің жалақысы 60-90 мың теңгеден 90-140 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы облыс бойынша білікті ветеринарлық қызметкерлерді қолдау және жыл сайын жалақыны арттыру саясаты жүргізілуде. 2022 жылы жалақыны тағы да 25%-ға өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыш қондырғыларын және компьютерлік жабдықтарды сатып алу да күн тәртібінде тұр. Бұл ретте тоңазытқыш қондырғыларымен қамтамасыз ету 100%-ды, компьютерлік жабдықты жаңарту - 50%-ды құрайды. Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап ветеринариялық дәрігерлердің жалақысын көтеру және материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында қосымша табыс табу үшін ақылы қызметтер көрсету көлемін ұлғайту жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді ШҚО Ветеринария басқармасы.

Егер арызданушылармен кездесуге облыстық басқарманың басшысының өзі баратын болса, мәселе біржақты шешімін табар деп күтейік.

Следующая →