Шығыс тұрғындарына 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілген
Соңғы бір жылда шығысқазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру есебінен 1,9 млрд теңгеге тістерін емдеген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап стоматологиялық қызметтердің жекелеген санаттары қолжетімді болды. Стоматологиялық көмекті қаржыландырудың ұлғаюы оны қажет ететін науқастарды қамтуды арттырды. Бұл ретте, талдау көрсеткендей, негізгі алушы 17 жасқа дейінгі балалар, - деп бөлісті Қордың ШҚО филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.
Өткен жылы МӘМС қаржыландыру аясында 1,9 млрд теңгеге 865 227 астам стоматологиялық қызмет көрсетілді. Еске салайық, стоматологиялық көмек көрсету пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде жүзеге асырылады. Яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді. Қызметті алу үшін сіз Қормен келісімі бар жеке стоматологияны таңдай аласыз немесе емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне хабарласа аласыз.
Өңіріміздегі стоматологиялық қызмет көрсетушілердің тізімін fms.kz сайтының «ҚДУ жеткізушілерінің медициналық қызметтерін сатып алу» бөлімінен көре аласыздар, дейді филиал басшысы. Стоматологиялық көмек алу туралы сұрақтар бойынша әрбір медициналық ұйымда бар пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады.
Егер жағдайды орнында шешу мүмкін болмаса, Сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш қалдыра аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.