Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2021 жылы МӘМС бойынша 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді

Стоматологиялық көмек отандық денсаулық сақтаудың сұранысқа ие бағыты болып табылады

Усть-Каменогорск и ВКО / 2021 жылы МӘМС бойынша 865 мыңнан астам  стоматологиялық қызмет көрсетілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік берді, ал шұғыл жағдайларда оған зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер сенім арта алады.

МӘМС жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 -қаңтарынан бастап халықтың осы санаттары үшін белгілі бір стоматологиялық қызметтер қол жетімді болды, - деп бөлісті ШҚО ӘМСҚ басшысы Ғалымжан Әбілов.


Өткен жыл ішінде МӘМС есебінен қаржыландыру аясында 1,9 млрд теңгеге 865 227 стоматологиялық көмек көрсетілді.

Қорда стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетілетінін, яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейтінін еске салды. Қызметтерді алу үшін Қормен келісім-шарты бар жеке стоматологияны таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады, - деп қосты Қор филиалының директоры.


Сонымен, МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті кімдер ала алады деген ақпаратты тағы бір еске салайық.

Жоспарлы стоматологиялық көмек келесілер үшін МӘМС пакетімен қарастырылған: балалар; жүкті әйелдер.

Шұғыл стоматологиялық көмекті азаматтардың келесі санаттары ала алады: 18 жасқа дейінгі балалар; жүкті әйелдер; ҰОС қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар; I, II, III топтағы мүгедектер; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жасы бойынша зейнеткерлер; жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар; ерекше қажеттіліктері бар балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

Пациенттердің осы санаттары үшін МӘМС-те қандай көмек тегін қарастырылған?

  • анестезия;
  • жақ немесе тістің рентгенографиясы;
  • тісті жұлу;
  • дайындау және пломба салу;
  • периостотомия;
  • пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу;
  • абсцессті ашу.


Егер сізде стоматологиялық көмек алуға қатысты сұрақтар туындаған болса, сіз әр медициналық ұйымда бар Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіне ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО МӘМС Тіс емдеу