Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аблакетка тұрғындары Өскеменнің әкіміне жүгінді

Тұрғындар шағын ауданды абаттандыру мәселелерін қозғап, сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысына тағы да шағымданды

Усть-Каменогорск и ВКО / К акиму Усть-Каменогорска обратились жители Аблакетки
Фото:
Акимат Усть-Каменогорска

Жақсылық Омар өзінің Instagram-дағы аккаунтында Аблакетка тұрғындарымен кездесу қорытындылары туралы мәлімдеп, шағын ауданды абаттандыру жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Біріншіден, ауданды қосымша абаттандыру мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керек, - делінген қала басшысының хабарламасында. - Ақпан айының соңына дейін қабылдауда айтылған барлық учаскелер тексеріліп, олар бойынша ұсыныстар берілетін болады. Барлық мәселелер бірден шешілмейді. Бір мәселе жақын күндері шешілсе, осы жылға арналған жоспарға тағы бір мәселені қосуға болады, ал келесі бір мәселені болашақтың еншісіне қалдыруға тура келеді. Аблакеткадағы стадионның тағдырын бөлек қарастырайық. Қазір стадион қараусыз, қоқысқа толып жатыр. Біз көктемде қоқысты тазартуды және болашақта үнемі тазаланып отыруын қамтамасыз етеміз. Нысанды қалпына келтіру мәселесін облыстық спорт басқармасына талқылауға жібереміз.

Қоғамдық көліктің жұмысына келетін болсақ, біз бұған дейін Аблакетка тұрғындарының бұл мәселе бойынша қала билігімен соттасқанын және өз ұстанымдарын қорғағанын жазған болатынбыз.

Наурыз айында конкурс аяқталып, Аблакеткадағы маршруттар үшін бірыңғай тасымалдаушы анықталады. Келісімге тұрғындармен келісілген жүйелілік бойынша талаптар енгізіледі. Осы уақытқа дейін шағын аудандағы автобустардың жұмысы ЖБО директорының жеке бақылауында қала бермек, - деп жазды Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, аудан тұрғындарын «15 мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданда мәдени-демалыс орталығын салу жоспарда бар ма?» деген мазалаған тағы бір сұрақ еді.

Ауданда ірі кәсіпорындар орналасқан және мәдени компонент мәселесін айналып өту мүмкін емес, - деді облыс орталығының басшысы. - Біз мәселені зерттеуді ұйғардық - қандай шешімдер қабылдануы мүмкін екенін түсіну керек. Жаңа нысан салу қажет болуы мүмкін немесе қолданыстағы ғимараттардың кез келгенін сатып алу тиімдірек. Әзірге мәселе қарастырылуда, бірақ кез келген жағдайда мәселе бақылауда.

Следующая →