Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 329 926 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да  329 926 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті

2022 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін 917 292 адам, ал екінші компонентін 907 168 адам алды, бұл көрсеткіш вакцинациялауға жататын жалпы халықтың 100%-ынан асып түсті, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қарашаның үшінші онкүндігінен бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін әйелдерді (босанғаннан кейін 42 күн) Pfizer/BioNTech шығарған «Комирнати» вакцинасымен егу қосылды.

2022 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша вакцинациялауға жататын 102 502 адам «Комирнати» вакцинасының 1-компонентін алды, оның ішінде 2 304 жүкті әйел, 7 939 бала емізетін әйел, 92 259 жасөспірім бар. 2-компонентпен 89 034 адам егілген, оның ішінде 2 000 жүкті әйел, 6 663 бала емізетін әйел, 80 371 жасөспірім, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. - Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген.

Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» коронавирусының жаңа штамынан қорғауға көмектеседі.

2022 жылғы 14 ақпандағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 329 926 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация QazVac, VeroCell, Спутник Лайт вакциналарымен жүргізілуде.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО СЭБД Вакцинация