Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -22°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -21°
  • Қостанай
    -19°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -25°
  • Петропавловск
    -22°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    +1°
$
504.6
-8.21
594.27
-9.92
¥
72.01
-1.19
6.48
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Жас сарбаз" әскери-спорттық жарысы өтті

Іс-шараға Ауған соғысы ардагерінің бастамасымен құрылған кадет сыныптарының оқушылары қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / В ВКО прошло военно-спортивное соревнование “Жас сарбаз”
Фото:
ДП ВКО

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Прапорщиков кентіндегі Д. Қонаев ат. орта мектеп әкімшілігімен бірлесіп, Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арнап "Жас сарбаз" әскери-спорттық жарысын өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Іс-шараға кадет сыныптарының оқушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру, жасөспірімдерде қамқорлық пен жолдастық қолдау сезімін тәрбиелеу болып табылады, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Жарыс саптық байқаудан басталып, әскери-спорттық эстафетамен аяқталды, онда кадеттер жауынгерлік іс-қимылдардың ең күрделі элементтерін орындады.

Жақсы физикалық дайындық пен әскери шеберліктен басқа, қатысушылар рухтың батылдығын, тәртіптің жоғары деңгейін, нағыз жауынгерге тән мінездің беріктігін көрсетті, - деп атап өтті ШҚО ДП.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға ШҚО Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыста өз шеберліктерін көрсетті.

Фото:
ДП ВКО
Следующая →