Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Жас Ұлан" мектеп-лицейінің техникалық базасы ескірген

Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының материалдық-техникалық базасы ескірген

Усть-Каменогорск и ВКО / "Жас Ұлан" мектеп-лицейінің техникалық  базасы ескірген
Фото:
Семей қаласы әкімдігінен

Бұл туралы оқу орнына барған Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовке мектеп басшылығы айтып, көмек сұраған. Сонымен қатар, мектеп-лицей директоры жаңа оқу корпусын салу жоспары бар екенін де айтқан.

"Жас Ұлан" Қазақстан Рес-публикасында әскери істі 5-сыныптан бастап оқытатын жалғыз оқу орны. Ол 1995 жылы ашылған. Осы уақыт ішінде мекемеден 1050 түлек бітіріп шыққан. Көптеген түлектер әскери мансаптарын жалғастырып, жақсы жетістіктерге жетті. Мәселен, полковник Адылхан Уразгулов бүгінде әскери бөлім командирі. Ал полковник Заңғар Омаров Бас штаб академиясында оқиды. "Жас Ұлан" мектеп-лицейінің мақтан тұтатын осындай түлектері көп.

Мектеп басшылығы мәлімдегендей, бүгінде мұнда 5-11-ші сынып аралығында 398 бала білім алуда. Негізінен, бұл Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Одан өзге, Алматы, Павлодар облыстарының балалары да бар.

Білім - фото Семей қаласы әкімдігінен (2).jpg

Биыл 26 жасұландық - оқу озаттары. Балалар мұнда тәулік бойы казармалық жағдайда білім алады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектердің 90%-дан астамы әлеуетті құрылымдар мен білім министрлігінің оқу орындарына түседі. Бұл олардың алатын білімінің жоғары сапасын көрсетеді.

Кабинеттердің көпшілігі атақты қолбасшылар мен генералдардың, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерімен аталған. Жергілікті әскери-тарихи мұражай өте қызықты және танымды, - деп атап өтті Бақытжан Кәкенқажыұлы. - Мұнда біздің халқымыз бен еліміздің жауынгерлік өткені туралы көптеген бірегей ақпараттар бар. Жәдігерлер біздің жерлестеріміздің өмірінен және ерлігінен алынған.

Шаһар басшысы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында мұнда қаланың басқа мектептерінің оқушыларын шақыртып, экскурсия ұйымдастырған дұрыс болатынын айтады.

Мектеп-лицейдің басшылығы оқу орнының ескірген материалдық-техникалық базасымен байланысты мәселелерді шешуге көмектесуін сұрады, - дейді ол. - Физика, химия, математика, биология, информатика кабинеттерін өзгерту қажет. Робототехника кабинеті де моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Мектеп-лицей басшылығы жаңа оқу корпусын салуды жоспарлап отыр.


Следующая →