Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Тегін үй береміз" деп алдайтындар кім?

Төленбеген несиесі барларға тегін баспана берілмей ме?

Усть-Каменогорск и ВКО / "Тегін үй береміз" деп алдайтындар кім?
Фото:
редакция мұрағатынан

Үй кезегінде тұрғандарды жанды жерінен ұстау - банк қызметкерлерінің тағы бір қитұрқылығы ма?

Соңғы жарты жылда редакциямызға хабарласқан екі тұрғынның оқиғасы да ұқсас. Сценарий де бір. Мәселе былай…

Өткен жылдың соңына қарай бізге жүгінген төрт балалы Ләззат Қайыртай өзіне министрліктенмін деп хабарласқан келіншектің "үйге өтініш беріпсіз" деген сөзі сенім ұялатқанын айтады.

Менің төрт балам бар, ажырасқанмын, - дейді ол. - Алайда күйеуімнен алимент алмаймын. Алимент алу үшін көп жүгіріс болды, бірақ нәтижесіз. Бірақ үш балам да ержетіп кетті, тек кенжем ғана кәмелетке толған жоқ. Балаларым кәмелетке толмай тұрғанда екі-үш ай жәрдемақы алғанмын. Құжаттар жыры бітпей қойған соң одан да күдер үздік. Тірі адам тіршілігін істейді ғой, өзім өсіріп-жеткіздім балаларымды. Бірақ тұрғын үй кезегіне тұрған емеспін. Өз басымда баспанам жоқ. Бірақ өткенде маған бір азаматша үй кезегінде тұрғанымды және құжаттарымның енді елордаға жеткенін айтып хабарласты. "Екі сатыдан өтті, енді үшінші сатысы қалды. Құжаттарыңызды жинап жатырмын. Тағы бір тексертуге жолдаймын" деді. Өтсе, жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінен пәтер берілетінін айтты. Осылай түрлі ақпараттарды сұратып бірнеше күн қатарынан хабарласып жүрді. Ақырында "Тексертуге жіберіп едім, сіздің төленбей тұрған несиеңіз бар екені шығып тұр. Соны толық жаппасаңыз, кедергісін тигізуде" деді. Жабылмай тұрған несиемнің сомасы - 400 мың теңгедей. Бірақ мен қазір бірден ол соманы төлей алмайтынымды айтып едім, әлгі астаналық келіншек өзгеріп шыға елді. Неше күн бойы көмектесуге әзір отырған адам дөрекілікке басты.

Ләззат Қайыртайдың қарызды қазір өтеуге шамасы келмейтінін білгеннен кейін бе қайта қоңырау шалмаған.

Дәл осындай жағдаймен араға бірнеше ай салып тағы бір тұрғын хабарласты. Үш баласы бар жалғызбасты келіншек 2019 жылы Өскемен қаласындағы тұрғын үй қатынастары бөліміне барып, арыз жазып, баспана кезегіне тұрған екен. Кезекте 3700-інші болып тіркелген ол порталды үнемі бақылап отырады екен. Соңғы қарағанында 2633-ші кезекке жылжығанын айтады. Қазір пәтер жалдап тұрып жатыр.

Маған хабарласқан адам мен туралы ақпараттың барлығын біліп отыр. Өзінің әділет органынан, астанадан екенін айтты. Баспанаға өтініш құжатым екі сатыдан өтіп, үшінші сатысына келіп тұр деді. "Бақытты баспана" бағдарламасы бойынша маған 7 жылға екі пәтерлі баспана берілуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, 70/30 қағидаты бойынша, яғни баспана бағасының 70 пайызын мемлекет, ал қалған 30 пайызын өзім ай сайын төлеп отыруыма болады-мыс. "Бірақ 1 млн 300 мың теңге көлемінде өтелмеген несиеңіз шығып тұр. Соманы толық немесе тым болмаса 300 мың теңгесін төлеп, сот орындаушыға хабарласып 5 минутқа "доступ" аштырып алыңыз" деді. 1414 колл-орталығынан ұялы телефоныма код жіберді, оны баспана алар уақытта мамандарға айту керек деді. Мен несиені төлей алмайтынымды айтқанымда, "Онда үйден бас тартқаныңыз туралы өтініш жазасыз. Алдағы 13 жылда баспана кезегіне тұра алмайсыз" деді, - дейді өскемендік Жайна Дарханқызы.

Естіген құлаққа бұл мамандар сауатты сөйлеп отырған сияқты. Сондықтан болар қарапайым халық, оның үстіне өзі баспанаға мұқтаж жан, ақпараттың рас-өтірігін білмей дал болары анық. Сондықтан да жалпы осы үй кезегіне тұру және оның берілу тәртібі туралы сұрапӨскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне хабарластық.

Бізге келіп баспана кезегіне тіркелген азаматтардың құжаттарын арнайы комиссия қарайды, - дейді бөлімнің тұрғын үйді бөлу секторының бас маманы. - Комиссия баспана берілуі керек деп шешім қабылдаса, пәтерлерді бөлу барысында біз кезекте тұрған ол адамға өзіміз хабарласып, Өскемен қаласындағы Тургенев көшесі, 30 мекенжайына (104-кабинетке) келулерін сұраймыз. Кейін пәтерді көрсетеміз, ұнатса, өтініш жазады да қажетті құжаттарын жинайды. Өскемен қаласында кезекте тұрғандардың құжаттары ешқандай министрлікке, астанаға жіберілмейді. Сондай-ақ, кезекте тұрғандардың несие тарихы, өтелмеген несиесі бар-жоғына қарамаймыз. Тек қана жеке басында мүлкі бар-жоғы ғана ескеріледі.

Демек, бұндай әрекет коллекторлардың да пысықтығы болуы мүмкін. Қарыз қайдан алынса да өтелуі керек. Бірақ қазір банктер, коллекторлық қызметтер "шаш ал десе, бас алуға" баратыны өтірік емес.


Следующая →