Ер адам ШҚО тұрғынынан Iphone маркалы ұялы телефонын тартып алған
Бағасы 400 мың теңгелік смартфонды ұрлағаны үшін тонаушы енді 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Риддер қаласының тәртіп сақшылары мүлде «тәжірибесіз ақымақ» тонаушыны ұстады. Ол оңай қадағаланатын смартфонды тартып алып қана қоймай, ешқайда жасырынбаған және пайдалынып жүрген. Алайда телефонын ұрлатып зардап шеккен адам жарты жылдан кейін ғана полицияның көмегіне жүгінген.
Риддер қалалық ІІБ кезекші бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, ұлына қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлады, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары 2021 жылы маусым айының соңында бұрыннан таныс адамының ВАЗ автокөлігінде отырып, оның 21 жастағы ұлынан құны 400 000 теңге тұратын смартфонын тартып алғанын анықтайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, іс жүргізу барысында кінәсін мойындаған, - деді Шқо ПД баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда тонауға қатысы бар күдікті үйқамақта отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның санкциясында жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.