Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі Семейді ғылым және денсаулық сақтау орталығы деп атады

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Семейге барып, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жоспарларын талқылау үшін қоғам өкілдерімен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Аким ВКО назвал Семей центром науки и здравоохранения
Фото:
Региональная служба коммуникаций

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының жұртшылығымен кездесу өткізіп, 2021 жылдың қорытындылары мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы бекіткен қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыру барысы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құжат Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, экономиканың нақты секторын дамыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын өсіру мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған.

Кешенді жоспар аясындағы жұмыстар 2020 жылы басталып, 2025 жылға дейін жалғасады. Жалпы сомасы 260 млрд теңгеге 56 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 98,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, ал қалған бөлігін жергілікті, жеке инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктен бөлінді.

Өңір басшысы қалада қазіргі таңда атқарылған бірқатар шаруалардың басын шалды. Мәселен, облысымыздың ғана емес, Ертіс бойындағы басқа қалаларға да экологиялық апат қаупін төндіріп тұрған, 30 жыл бойы жөндеу көрмеген дюкер жөнделді. Бұрынғы аудан орталықтарын, атап айтқанда, Қайнар ауылын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Мәдениет үйі қайта жөнделіп, көшелер абаттандырылып, жолдар жөнделіп жатқанын тілге тиек ете отырып, алдағы жоспарларды да атап өтті.

2022 жылы Семейде Шәкәрім даңғылының бойындағы 19 ғимараттың қасбетін қайта жаңғырту жоспарлануда, бұл қаланың өзіндік қақпасы. Бұл ретте қаланың қайталанбас тарихи келбетін сақтау басты міндет. Барлығы 50-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде көшелер мен жолдарды, ең алдымен, қоғамдық көлік бағыттары өтетін жерлерді жөндеу. Сондай-ақ, қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша автокөпір мен «Спартак» стадионын қайта жаңғырту жоспарлануда. Семейді айналып өтетін 51,5 шақырым жолдың құрылысы жүріп жатыр, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Екі жыл ішінде жол желісін ағымдағы және орташа жөндеуге 3 млрд теңге жоспарланған болатын. Алайда аталған бағытқа 7,2 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде бұл 90 км жолдар мен көшелерді қанағаттанарлық жағдайға келтіруге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов Семей - халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар өтетін өңірдің маңызды көліктік-логистикалық және сауда торабы екенін атап өтті. Сондықтан жолдарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұған дейін Семейде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша Омбы - Майқапшағай автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту аяқталды. Бұл транзиттік жүктерді тасымалдау көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Жүк-көлік жолаушылар әлеуетін дамыту үшін екі ірі жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, ұзындығы 51 км Семей қаласының айналма жолының құрылысы және Ертіс өзені арқылы өтетін автожол көпірін қайта жаңарту.

Тұрғын үй құрылысына да ерекше көңіл бөліне бермек. Жоспар бойынша 2022 жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 440 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 43 үй салынбақ.

16 спорт және ойын алаңдары орнатылып, 35 аула жөнделеді, - дейді ол. - Жылу магистралін жөндеу, абаттандыру, «Сергек» камераларын орнату және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғастыратынымыз сөзсіз. Қазір депутаттар мен қала билігінің алдында тұрған басты міндет – бір айдың ішінде қала тұрғындарымен кездесулер өткізіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы қайта хабарлау, қажет болған жағдайда азаматтардың тілектеріне сәйкес түзетулер енгізу.

Следующая →