Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңа тілек ауылында "Жеңіс саябағы" жөнделіп жатыр

Әр ауданның, әр ауылдың еліне, жеріне шын жаны ашитын бір белсенділері болады. Оларды көшеде жатқан қоқыс болсын, жолдың ойлы-шұңқыры болсын мазалап, шыр-пыры шығып жүргені. Үржар ауданына қарасты Жаңа тілек ауылындағы М. Әуезов атындағы орта мектептің ұстазы Алтай Байсанұлы сондай жан

Усть-Каменогорск и ВКО /  Жаңа тілек ауылында "Жеңіс саябағы" жөнделіп жатыр
Фото:
автор ұсынды

Осы жерде 41 жыл шәкірттерге дәріс беріп жүрген Алтай Байсанұлының бастамашы болуымен екі-үш жылдан бері біршама шаруалардың басы қайырылды. Жыл басында ауылдық округте өткен жиын барысында аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің алдына бірнеше мәселе қойған ол қазір сол аманаттарының орындалып жатқанына қуаныш білдіріп, хабарласты.

Өзіміздің Жаңа тілек ауылының орталығындағы бұрынғы "Жеңіс саябағы" жасалып жатыр. Бүгінгі күні екі метр биік қоршаумен қоршалып, ішкі жағына арнайы қыш кес-пелер төселді. Бұйырса, көктемде жұмысты аяқтап, тақтаға соғыс ардагерлерінің тізімін жазамыз. Сол сияқты, мектебіміздің алдындағы 150 метрлік алаңқай асфальтталып, әудем жерден шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұдан өзге ескі мектеп ғимараты жөнделіп, ішіне ауыл әкімшілігі, пошта, учаскелік полиция бөлімі қызметкерлері кірді. Қазір ауыл халқы өздерінің барлық шаруаларын осы жерден бітіруіне мүмкіндік туды. Халықтың мұң-мұқтажы мен аманатына адал аудан басшысы Нұржан Тоқсейітовке округ халқы алғыстарын жаудыруда. Сондай-ақ, осы істердің басы-қасында жүріп, атқарып жатқан ауыл әкімі, осы жердің түлегі Асқар Серікжанұлының да еңбегіне ауыл халқы дән риза, - дейді Алтай Байсанұлы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауында ауылды көркейтіп, әлеуметтік жағдайын арттыру үшін былай деген болатын: "...Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырамыз.

Бұл - мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы. Азаматтарымыз бұл ұстанымды қолдап отыр. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу аса маңызды қадам болды. Бұл - менің былтырғы Жолдауымда айтылған саяси реформаның негізгі мәселесі. Осы шешім ауыл халқының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесіне тікелей ықпал етеді.

Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режімде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы - азаматтық мәдениетті дамыту.

Президент Әкімшілігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек.

Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу қажет.

Бұл ауылдық жердегі әлеуметтік белсенділікке тың серпін береді..., - деген болатын.

Шынында да қазір ауылдың іші көркейіп қалғаны байқалады. Тіпті, осы округке қарайтын Тасарық ауылының бір көшесі асфальттанып, "Балалар саябағы" ашылған. Көшелеріне түнгі шамдар орнатылып, жарқырап тұр.

Следующая →