Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +22°
$
446.49
475.38
¥
61.66
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Атадан мұра болып жеткен өнер

Ер жігітке жеті өнер де аз деп жатады. Осы жеті өнерді жіті меңгеріп қана қоймай, бар білгенін өзгелерге үйретіп жүрген Алтай Сәрсенов Үржар ауданының тумасы

Усть-Каменогорск и ВКО / Атадан мұра болып жеткен өнер
Фото:
автор ұсынды

Алтай Сәрсенов пен оның ұлдары атадан әкеге, әкеден балаларына дарыған зергерлік өнерді ғана емес, қолөнерді де қатар дамытып келеді.

"Атамыз шебер еді"

Алтай Сарсенов жасы зейнеткерлікке таяп қалса да бір сәт тыным таппайтын өте еңбекқор жан. Еңбекқорлығы өз алдына Алтай Байсанұлы он саусағынан өнер тамған қолөнерші.

Бүгінде Жаңа тілек ауылындағы М. Әуезов атындағы орта мектепте технология, сызу және бейнелеу өнері пәнінен 40 жылдық еңбек өтілі бар білікті ұстаз. Ол шын мәнісінде осыншама уақыт ішінде өзінің білімі мен біліктілігін, ұйымдастырушылық шеберлігін дәлелдеп келе жатқан жан.

Осы өзім еңбек етіп жүрген М. Әуезов атындағы орта мектепті 1975 жылы бітірген соң, Семейдің Н. Крупская атындағы педагогикалық институтының сурет-графика факультетін бітіріп, "Сызу, бейнелеу өнері және еңбекке баулу" мамандығын меңгердім. Инс-титуттан соң жолдау бойынша Үржар ауданындағы Чапаев орта мектебінде 1 жыл істеп, түлеп ұшқан мектебіме ауыстым. Күні бүгінге дейін осы жердемін, - дейді Алтай Сәрсенов.

Ол бұл ерекше қабілеттің атасынан дарығанын айтады.

Атамыз Сәрсен қолөнер шебері болған. Астау, қасық, ожау, келі, т.б. дүниелерді қолдан шотпен шауып жасап алатын. Оны айтасыз, ат әбзелдері - ертоқым, ноқта, жүген таспалап өрудің хас шебері еді. Осы Сәрсен атамыздың өнері өзіме және қызым Әйгерім, ұлдарым Ертай, Байбарысқа дарыған болуы керек, - дейді Алтай Сәрсенов. - Дүние, мал жинамаған жомарт жан болған. Көбінесе апталап аңшылықпен кетіп қалатын. Шешеміз Төкен Тұрлыбекова колхоз құрылғаннан соның ыстығына күйіп, суығына тоңған адам еді марқұм.

Шәкірттері ұстазын мақтан тұтады

Алтай Сәрсеновтің шәкірттері "Қазақтың ұлттық зергерлік өнері" тақырыбында аудандық, облыстық ғылыми жоба байқауларына қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. Сондықтан да болар, "Педагогический мир" газетінде Алтай Сәрсенов жайлы көлемді мақала жарық көрді.

Шынында да көптеген балаң дарынға дәріс берген айтулы ұстаз Алтай Сәрсеновтің қоластынан мыңдаған шәкірт қолданбалы өнердің, қолөнердің қыры мен сырына қанығып қанат қаққан. Бүгінде солар еліміздің әр түкпірінде жемісті еңбек етуде. Бәрі де "Алтай Байсанұлы біздің ұстазымыз!" деп мақтанышпен айтады.

Катонқарағайда өткен "Жанұялық шеберхана" номинациясы бойынша "Отбасы бірлігі - ұлт бірлігі" қазақтың ұлттық саз аспаптары және зергерлік сый-кәде жұмыстарымен ұлы Алтай Сәрсенов ұлы екеуі "Қазақ әйелдерінің әшекейлері" атты республикалық көрмеге қатысып, зор марапатқа ие болды. Ұстаз беделін арттыруға арналған "Жаңа білім. Жаңа ғасыр" тақырыбындағы республикалық сайыста Алтай, Ертай Сәрсеновтердің қарағаштан жасалған "Қыл қобыз", "Нар қобыз" саз аспаптары жоғары деңгейде аталып, қомақты жүлделермен марапатталды. Сол сияқты, "Саз аспаптарының бүгіні, ертеңі, болашағы" атты халықаралық көрмеде "Нарқобыз", "Қылқобыз" саз аспаптары қойылып, "Қазақстандық және шетелдік саз аспаптарын жасаушы шеберлер көрмесінің каталогына" еніп, марапатталды. Тіпті, "Қазақстан" ұлттық телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасында "Зергерлік өнер және сәндік қолданбалы өнер" тақырыбында өз шығармашылық жұмыстарын елімізге паш етті.

Осы орайда айта кеткен жөн, биіктігі 7 метр болатын аудан орталығы Үржарға қойылған "Жолашар жауырын" стелласы үшін Алтай мен Ертай облыс әкімінің қомақты сыйлығына ие болған еді.

Айта кетерлігі, Алтайдың кіші ұлы Байбарыс та он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері. Ол бейнелеу өнері пәнінен аудандық, облыстық олимпиадаларда "Жас шебер" номинациясы бойынша жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.

2016 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облысы атынан "ЭКСПО-2017" көрмесінде Ертай Сәрсеновтің "Қазақ қыздарының ұлттық әшекейлері" күміс бұйымдары, "Қылқобыз", "Нарқобыз" саз аспаптары, "Сый-кәделер" мен домбыралар, үй жиһаздары көрмеге қойылып, мадақтама грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, астанада өткен "Ұлы дала елі қолөнер шеберлерінің туристік форумына" қатысып, онда талқыланған "Микробизнес. Дәстүр. Мүмкіндіктер" тақырыбына сай өз туындыларын көрмеге қойып, жұрт назарын аударған. "Әке көріп оқ жонған" Ертай Сарсенов бүгінде Тарбағатай өңіріндегі Аягөз, Үржар аудандарына танымал жігіт, он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері. Зергер Ертай Алтайұлының қолынан туған ұлттық нақыштағы дүниелер облыс, республика көлеміне белгілі. Ертай оқушыларға тәрбие берумен қатар шығармашылық жұмыспен айналысады. 2017 жылы қазақтың ұлттық қолөнерін жасаудан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Гран-при ұтып, астанада өткен ЭКСПО көрмесіне өз туындыларын қою мүмкіндігіне ие болған.

Қолөнер - фотоны автор ұсынды (7).jpg

Әлбетте, Ертайды ұлттық қолөнерге баулып, қанатын қатайтқан оның әкесі Алтай Байсанұлы. Қазіргі күні әкелі-балалы зергерлердің жасаған қылқобыз, нарқобыз, домбыра, т.б. дүниелеріне сұраныс үлкен. Жалпы, әкелі-балалы зергерлердің эстетикаға сай әдемілікпен жасаған сырға, сақина, жүзік, салпыншақтары мен білезіктері көздің жауын алады. Ол дүниелері облыстық, республикалық әртүрлі көрмелерден жүлдесіз қайтқан емес.

Астанада өткен шарадан да алған тәжірибем мол болды, - дейді Ертай Алтайұлы Сәрсенов. - Республиканың әр түкпірінен келген жас зергерлер мен қолөнер шеберлері ұлттық қолөнер тақырыбында, микробизнестің дамуы жайлы ой қозғап, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ертай Алтайұлы жоғары оқу орнын тәмамдай сала, зергерлік өнерді бүге-шүгесіне дейін зерттеп, үйренуге бел буады.

Оқуды бітіргеннен кейін, алған білімімді азсынып, әрмен қарай дамытсам деп, Серікқали Көкенов деген зергер ағамызға барып, бір жыл көлемінде соның қарамағында жүріп бұл өнерді үйрендім, - дейді Ертай Алтайұлы.

Зергер болу оңай жұмыстардың бірі емес. Оған да шыдамдылық, тыңғылықтылық қажет.

Шыдамдылық, төзімділік керек. Адамның денсаулығына да зиян келеді. Өйткені бұйымдарды тазалау барысында газ да, шаң да жұтамыз. Отпен жұмыс істеген кезде шеберхананың іші 40-45 градусқа дейін ысып кетеді. Мұның барлығы ұзақ уақыт алады. Сондықтан зергерлік бұйымды әзірлеу оңай жұмыстардың бірі емес, - дейді Ертай Сарсенов.

Зергердің айтуынша, бір білезікті таңнан кешке дейін отырып әзірлеу үшін 3 күн кетеді.

Зергерлік бұйымдармен қатар Ертай қазақтың ұлттық аспабы - қобызды да керемет жасайды. Қобыз - бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап. Сондықтан домбыра емес, қобыз жасауға деген құмарлығы ұзақ толғаныстың арқасында, даралану мақсатында пайда болған екен.

Қолөнер - фотоны автор ұсынды (3).jpg

Оқу бітіріп, дипломдық жұмысты жазар кезімде мен қатты ойландым. Жергілікті университеттің музейіне кіріп, музей қызметкерінен "бізге не жетіспейді" деп сұрағанымда "бізде нар қобыз жоқ" деп жауап берді. Содан өз ұстазыма келіп, қобыз жасауда маған жетекшілік етуін сұрап, өзімді ұсындым. Осылайша, дипломымды қорғап, алғашқы қобызымды жасаған едім, - дейді Ертай Алтайұлы.


Следующая →