Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жармадағы әр дүкенде қайырымдылық сөрелері пайда болуы мүмкін

Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин аудандағы баға тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан кәсіпкерлерімен, партия өкілдерімен, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен және тұрғындармен кездесу өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Жармадағы әр дүкенде қайырымдылық сөрелері пайда болуы мүмкін

Әкім жергілікті кәсіпкерлерге аудандағы әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау үшін әрбір дүкенде арнайы бұрыш қарастыру туралы ойын айтты.

Ол бұрышта тұрғындарға қажетті, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары орналасады. Бұдан бөлек әкімдік қызметкерлері, мәслихат хатшысы, аудан депуттары және ерікті жастар тауарларға бақылау жүргізуі керек. Ол өте маңызды, - деп атап өтті Ахметқали Ахашұлы.

"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Дастан Мұқаевтың айтуынша, сауда-саттықты реттеу заңының 9-шы бабына сәйкес, кәсіпкерлер тауар өндірушілермен және көтерме сауда жасайтындармен (оптовиктерімен) келісім жасасып, көрсетілген бағаға 15% пайызға ғана артық баға қоса алады. Егер заңдылық бұзылған жағдай болса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 202-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасын шекті мөлшерінен асыру бойынша айыппұл түріндегі жаза қарастырылады. Әрине, егер баға себепсіз көтерілсе ғана. Сондықтан кәсіпкерлер өз құқықтарын қорғау үшін келісімшарт жасасу заңды әрі дұрыс жол екенін атап өтті.

Егер Жарма ауданы әкімінің бұл ұсынысы жүзеге асатын болса, онда аудандағы ауыл халқына айтарлықтай зор жәрдем болмақ. Ол үшін әкімдік қызметкерлері де депуттар да, кәсіпкерлер мен қалталы азаматтар да, тіпті қарапайым халық та бір мәмілеге келіп, ортақ шешім шығарып, соған бағынуы керек.

Следующая →