Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әр әкімнің жұмысына баға беруге болады

Халық еліміздегі барлық әкімдердің жұмысын ұялы қосымша арқылы бағалай алад

Усть-Каменогорск и ВКО / Әр әкімнің жұмысына баға беруге болады

Қазақстанда әкімдердің жұмысын бағалайтын сервис пайда болды. App Store және Google Play арқылы Akimy.kz деп аталатын ұялы қосымшаны тегін жүктеп алып, облыс, аудан, ауыл әкімдерін түрлі критерийлер бойынша бағалауға мүмкіндік бар. Мысалы, елді мекендерді абаттандыру, экономикалық даму бойынша жұмысына, қоғамдық көлік, әлеуметтік көмек саласындағы жұмыстар, ел арасында танымалдылығы бойынша да баға қоюға болады.

Әзірге Шығыс Қазқастан облысының аудан әкімдері үздіктер қатарында тұр (2.02.2022 жылғы көрсеткіш бойынша). Мәселен, Риддер қаласының әкімі (143.60 балл) екінші, Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов (126.40 балл) үшінші орынға жайғасқан. Алтыншы орында Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин (80.00) тұр. Ал облыс басшысы Даниал Ахметовтің жұмысына көңілі толмайтын тұрғындар саны көп. Рейтингте тіпті -371.00 (2362 дизлайк, 527 лайк) деп көрсетілген. Сол сияқты Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың да жұмысын жақсы бағалағандардан, жақтырмағандар көп (1791 дизлайк, 813 лайк).

Айта кеткен жөн, бұл көрсеткіштер халықтың дауыс беруіне қарай сәт сайын өзгеріп отырады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізудің маңызы зор екенін атап өткен.

Тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізудің маңызы зор. Бұл тәсіл арқылы билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көзқарасы туралы шынайы мәлімет алуға болады. Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл-күйі анық аңғарылады, - деген еді ол.

Следующая →